Ақмола облысында 6 ауданда ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлау тағайындалған.
Соның ішінде 6 әкім өкілеттік мерзімі аяқталуына, 1 әкім өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты сайланады.
25 кандидат ұсынылды, соның ішінде «AMANAT» саяси партиясы - 3 (12,0%); 22 – өзін-өзі ұсынғандар.
2 кандидатқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес келмегені үшін бас тартылды. 1 кандидат өз еркімен өтінішін қайтарып алды.
22 кандидат тіркелді, соның ішінде 3 (13,6%) - «AMANAT» саяси партиясынан; 19 – өзін-өзі ұсынғандар.
Орташа бәсекелестік 3,1 адам.
22 кандидаттың 8 (36,4%) – әйелдер.
10 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады, 8 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1 –коммерциялық құрылымның өкілі, 1 – зейнеткер, 2 - басқалар.
Оның ішінде 3 кандидат нақты ауылдық округінде қайта ұсынылып отыр.
Орташа жасы - 41 жас, ең жасы - 27 жаста, ең үлкені – 60 жаста.
7 (31,8%) кандидат ұсынылып отырған ауылдық округте тұрады, 13 (59,1%) - ауданда,1 (4,5%) - Көкшетау қ., 1 (4,5%) – Нұр-Сұлтан қ.