«Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі

№ А-4/190 қаулысына

қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы

№А-7/295 қаулысымен

бекітілді

 

«Ақмола облысы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі туралы  ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – облыс әкімінің аппараты) облыс әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Облыс әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Облыс әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. Облыс әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  5. Облыс әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Облыс әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімінің аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Облыс әкімінің аппараты құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83.
  9. Осы Ереже облыс әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
  10. Облыс әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. Облыс әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен облыс әкімі аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
«Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
27 апреля 2020