Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Бұланды, Жарқайың және Зеренді аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2022 жылғы 25 наурыздағы қаулыларымен әкімдердің сайлауы тағайындалды:
Ақкөл ауданында Наумовское ауылдық округінің әкімін; Аршалы ауданында Бұлақ ауылдық округінің әкімін; Астрахан ауданында Қызылжар ауылдық округінің әкімін; Бұланды ауданында Новобратское, Қараөзек ауылдық округтерінің әкімдерін; Жарқайың ауданында Тассуат ауылының әкімін; Зеренді ауданында Байтерек ауылдық округінің әкімін.
Сайлау тағайындау туралы, сайлау округтерін олардың шекараларын көрсете отырып құру туралы қаулылар және Саулауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары аталған аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының интернет-сайтарында орналастырылды және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.