Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың қаңтар-ақпан аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

                                                        Экономика

2022 жылдың қаңтар-ақпан аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 39 386,0 млн.теңгені құрады (НКИ – 100,4%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 412,1 млн. теңге (НКИ – 100%), мал шаруашылығы –               38 971,5 млн. теңге (НКИ – 100,4%).

  • Облыста барлығы 8851 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1892 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 899 - жеке кәсіпкерлер, 6060 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
  • Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- ақпан 9,1 млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 76,4%- ды құрады.
  • 2022 жылдың қаңтар ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 100 мың тоннаны немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 97,1% - ды құрады, ақшалай мәнде – 31,8 млн. АҚШ долларын немесе 112,5% - ды құрады.        
  • 2021 жылдың қаңтар- желтоқсан ауыл шаруашылығы саласында орташа жалақы 176,1 мың теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 18% - ға артты (2021 жылғы 4 - тоқсанда-190,6 мың теңге, 2020 жылғы 4-тоқсан деңгейіне қарағанда 12,1% - ға өсті).
  • Агроөнеркәсіптік сектордың жай –күйі
  •  

      Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 31,9 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде::    

       -өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 12,1 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ  қолжетімділігін арттыруға – 8151,2 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 3171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға –789,0 млн. теңге).

-мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға.

Аталған бағыттарды іске асыруға 4,7 млрд.теңге бөлінді.

-инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 10,8 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 10653,7 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың  шығындарын субсидиялауға – 197,8 млн. теңге, қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру – 296,6 млн. теңге).

-қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 4,3 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 43,5 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 4279,8 млн. теңге).

Өсімдік шаруашылығы

 

       Ағымдағы жылы егіс алқаптарының алдын ала құрылымы бойынша облыс 5,1 млн. га алаңда жаздық егіс жүргізу жоспарлануда, оның ішінде:

       -дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,6 млн. га алаңға орналастырылатын болады;

       -майлы дақылдар 282,8 мың га алаңға орналастырылатын болады;

 -жүгеріні есепке алғандағы жемшөп дақылдары 184,6 мың га алаңда орналасатын болады.

Халықты ескере отырып, картопты – 17,4 мың га алаңға және көкөністерді – 2,7 мың га жерге орналастыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

 

2022 жылғы қаңтар- ақпан айларында АШТӨ барлығы 8,9 млрд. теңге сомасына 229 бірлік техника сатып алды:

- астық жинау комбайндары – 4,1 млрд. теңге сомасына 48 бірлік;

- тракторлар – 2,8 млрд. теңге сомасына 65 бірлік;

- тұқым септкіштер – 23,1 млн. теңге сомасына 12 бірлік;

- егіс кешендері – 0,8 млрд. теңге сомасына 22 бірлік;

- өзге де техникалар – 1,2 млрд. теңге сомасына 82 бірлік.

     Биылғы егіс науқанына шамамен 14,8 мың трактор, 16,4 мың тұқым сепкіш және 1,4 мың өнімділігі жоғары егіс кешені қатысатын болады. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 97% құрайды.

                   

                          Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету

        Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облыс үшін дизель отынының қажеттілігі 72 мың тоннаны құрайды.

        ҚР Энергетика министрлігі Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен 2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 72 мың тонна кепілдендірілген дизель отынының көлемін бөлді, оның ішінде: Павлодар МХЗ - нан - 32 мың тонна, ПКОП-тан (Шымкент) - 40 мың тонна. Айлар бөлінісінде ЖЖМ бөлінді:         

          -наурыз - 20 мың. тонн (ПНХЗ -10 мың. тонн, ПКОП – 10 мың. тонн).

  • -сәуір – 30 мың. тонн (ПНХЗ -15 мың. тонн, ПКОП – 15 мың. тонн).
  • -мамыр– 22 мың. тонн (ПНХЗ - 7 мың. тонн, ПКОП – 15 мың. тонн).

          МӨЗ - ден дизель отынының босату бағасы тоннасына 212 мың теңгені, ал АШТӨ үшін түпкілікті баға - 1 литр үшін 208 теңге.

       

 

Мал шаруашылығы

 

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2022 жылғы 1 наурыз жағдай бойынша 497 мың басты құрайды (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 101,2%), оның ішінде сиыр басы –228,9 мың бас (100,6%).

Жылқы басы 227,7 мың басты (107,4%), құс – 8 981,5 мың басты (94,5%) құрады.

Қой мен ешкі басы 634,7 мың басты (104,1%), шошқа 99,4 мың басты (94,9%) құрады.

Облыста 30,4 мың тонна (100,9%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 34,9 мың тонна (100,2%), жұмыртқа –111 млн.дана (101,5%) өндірілді.

  •  

Фермаларды құру

Етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 2022 жылы 4,5 мың басқа сатып алумен 104 ферма құру жоспарланған.

          Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында 2022 жылы 2,4 мың басқа 11 ферма құру жоспарланған.

Тұқымдық түрлендіру

         2022 жылы тұқымдық түрлендірумен 60 мың бас немесе аналық мал басының жалпы санының 26,8% жоспарланған.

 

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру

 

  • Нұр-Сұлтан қ. төңірегіндегі азық-түлік белдеуі бойынша 2022 жылға 36,9 млрд. теңгеге (632 жұмыс орнын құрумен) 44 инвестициялық жоба жоспарланған, оның ішінде:
  •  -2 - бордақылау алаңдарының құрылысы 1,8 млрд.теңге сомасына.
  •  -11 - сүтті мал шаруашылығы 7,3 млрд. теңге сомасына.

      -7– етті мал шаруашылығы бойынша 11,6 млрд. теңге сомасына.

       -7 – АШ өнімдерін қайта өңдеу бойынша 8 млрд. теңге.

     -10 - астық қоймалары мен картоп сақтау қоймаларын салу бойынша 2,8 млрд. теңге сомасына.

  -6- егістікті суару бойынша 5,3 млрд. теңге сомасына.

       -1-сою пункті, сомасы 0,1 млрд.теңге.

  •  
  • Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2022 жылдың қаңтар-ақпан ішінде 24,4 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 104,5%.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 55%, сүт – 15%, астық өңдеу – 12%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3%, өзге салалар–15% алады.

  • Етті қайта өңдеу

Осы кәсіпорындар мен цехтар табиғи түрде 13 мың тонна ет өндірді, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0% - ға ұлғайды, шұжық өнімдерінің  өндіріс көлемі 547 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,0% - ға ұлғайды.

Сүтті қайта өңдеу

  • Өңделген сүт өндірісінің көлемі 14,0 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 7,1% - ға төмендеуі, сарымай 205 тонна, өсім 48,6%, ірімшік және сүзбе 136 мың тонна, 27,3%- ға төмендеуі, ашымал сүт өнімдері 1,1 мың тонна өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% - ға өсті.
  • Майлы дақылдарды қайта өңдеу

         Өндірілген өсімдік майының көлемі 2,8 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,5%-ға төмендеуі.

Ұн өндіру

      Ұсақ тартылған ұн 33,3 мың тонна өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,0% - ға төмендеуі.

    

Нұр-Сұлтан қаласының  төңірегінде  азық-түлік белдеуін дамыту

 

          Азық-түлік белдеуін дамыту аясында облыстың барлық 17 ауданы кіретін 300 шақырымдық аймақ анықталды.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астана нарығына (25.03.2022 ж.жағдай бойынша) 9,1 мың тонна сүт өнімдерін (2021 жылға қарағанда 2,1% - ға өсті), 4,5 мың тонна ет және ет өнімдерін (4,9% - ға өсті), 30,1 млн. дана жұмыртқа (12,3% - ға төмендеді) жеткізді.

  •  
Дата публикации
25 марта 2022