2022 жылғы 15 наурызда бейнеконференцбайланыс режимінде аудандар мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары әкімдері аппараттарының басшыларымен азаматтардың өтініштерін қарау кезінде әкімшілік рәсімді өткізуге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті

 

2022 жылғы 15 наурызда бейнеконференцбайланыс режимінде аудандар мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары әкімдері аппараттарының басшыларымен азаматтардың өтініштерін қарау кезінде әкімшілік рәсімді өткізуге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес жұмысына облыс басқармаларының бірқатар басшылары қатысты.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде өтініштермен жұмыс істеудің жаңа форматы азаматтардың өтініштерін қарау кезінде әкімшілік рәсімдердің мүлтіксіз сақталуын талап етеді. Әкімшілік рәсім азамат мемлекеттік органға жүгінген кезде басталды деп саналады.

Өтініште формальды қателіктер жіберілген кезде әкімшілік органның оларды жою бойынша жәрдем көрсету міндеті көзделеді.

Кодекс азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы кезінде бірқатар рәсімдік кепілдіктерді бекітеді.

Бұл кепілдіктер мемлекеттік органдардың құқықтық шешімдер қабылдауы кезінде жеке субъектілермен «кері байланысты» қамтамасыз етуге тиіс.

Мысалы, азаматтың түпкілікті шешім қабылданғанға дейін тыңдалу кепілдігі, ол қандай да бір жолмен құқықты жүзеге асырудан бас тартады немесе оны шектейді.

Кеңес қорытындысы бойынша нақты орындау мерзімдері көрсетілген тиісті тапсырмалар берілді.

 

 

Дата публикации
15 марта 2022