Ақмола облысының аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, бүгінгі күні облыс аумағындағы жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай қолайлы, бұл мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды табысты іске асыруға және біздің облыс аумағында өндірілетін өнімдер мен шикізатты еркін әкетуге мүмкіндік береді.
2021 жылы шамамен 1,3 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын зерттеу және аса қауіпті ауруларға қарсы 4,6 млн. доза ветеринариялық препараттарды қолдану жоспарланды.
Зертханаға бруцеллезге және басқа да аса қауіпті ауруларға зерттеу үшін 602,7 мың ІҚМ сынамасы немесе жылдық жоспардың 100% жеткізілді, зертханаға жеткізілген сынамалардың 98,3% - ы 602,7 мың ІҚМ сынамасы зерттелді. 2338 бас ірі қара малы бруцеллезге оң нәтиже берді. Ұсақ малдың 681,1 мың қан сынамасы жеткізілді, 681,1 мың қан сынамасы немесе жеткізілген көлемнің 98,49% - ы зерттелді. 277 бас оң нәтиже көрсетті.