2022 жылдың қаңтар аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 19 592,5 млн.теңгені құрады (НКИ – 100,7%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 201,7 млн. теңге (НКИ – 100%), мал шаруашылығы – 19 389,6 млн. теңге (НКИ – 100,7%).
Облыста барлығы 8851 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1892 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 899 - жеке кәсіпкерлер, 6060 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
2021 жылдың 3 тоқсанында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2099,5 мың теңгені немесе 2020 жылғы деңгейге 99,5% - ды құрады.
Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар 6,6 млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 96%- ды құрады.2021 жылдың ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 1202,5 мың тоннаны немесе 2020 жылғы ұқсас кезеңге 96,6% - ды құрады, ақшалай мәнде – 363,9 млн. АҚШ долларын немесе 112,6% - ды құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 27,7% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 398,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -110,5 мың адам).2021 жылдың қаңтар-желтоқсан ауыл шаруашылығы саласында орташа жалақы 176,1 мың теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 18% - ға артты (2021 жылғы 4 - тоқсанда-190,6 мың теңге, 2020 жылғы 4-тоқсан деңгейіне қарағанда 12,1% - ға өсті)