Осы арқылы «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысы Бурабай ауданында орналасқан Аршалы өзенінің ұзындығы 3 шақырым учаскесіне (Николаевка ауылына жақын) су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын (әрі қарай - Жоба) әзірлегенін хабарлаймыз.
Жоба түсіндірме жазбамен және салыстырмалы кестемен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6685340 сілтемесі бойынша орналастырылған.