Осы арқылы «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын (әрі қарай - Жоба) әзірлегенін хабарлаймыз.
Жоба түсіндірме жазбамен және салыстырмалы кестемен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8294049 сілтемесі бойынша орналастырылған.