Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

Осы арқылы «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/177 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын (әрі қарай - Жоба) әзірлегенін хабарлаймыз.

Жоба түсіндірме жазбамен және салыстырмалы кестемен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=10122950 сілтемесі бойынша орналастырылған.

 

Дата публикации
15 июля 2021