Ақмола облысы Шортанды ауданының Дамса өзені учаскесінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылыққа пайдалану режимін және ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Осы арқылы «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысы Шортанды ауданының Дамса өзені учаскесінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылыққа пайдалану режимін және ерекше жағдайларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын (әрі қарай - Жоба) әзірлегенін хабарлаймыз.

Жоба түсіндірме жазбамен және салыстырмалы кестемен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=10272999 сілтемесі бойынша орналастырылған.

Дата публикации
22 июля 2021