Осы арқылы «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Лавочное, Қайындыкөл, Қояндыкөл көлдерінің, Аршалы өзенінің, Қозыкөш өзені учаскесінің, Подлесненское су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын (әрі қарай - Жоба) әзірлегенін хабарлаймыз.
Жоба түсіндірме жазбамен және салыстырмалы кестемен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11626382 сілтемесі бойынша орналастырылған.