2022 жылға тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауға арналған шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері 1-3-қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

Кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы мақалалардың көлемін дербес қайта бөледі.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.



Дата публикации
24 января 2022