Ақмола облысы бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді мекендердің қамтамасыз етілуі 80,7% - ды құрайды (605-тің 488-і). 157 елді мекен бойынша 2007 жылдан бері әзірленген жаңа бас жоспарлар бар.
2021 жылы облыс бойынша облыстық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 20 елді мекен бойынша қала құрылысы жобалары әзірленді, оның ішінде:
- Бұланды ауданы Тоқтамыс, Вознесенка, Жаңаталап ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылын дамыту және құрылыс салу схемасы;
- Шортанды ауданының Қаражар, Конкрынка, Егемен, Мықтыкөл, Гуляй поле ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылының дамыту және құрылыс салу схемасы;
- Қорғалжын ауданы Сабынды ауылын дамыту және құрылыс салу схемасы;
- Сандықтау ауданының Каменка және Веселое ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Астрахан ауданы Новочеркасское және Петровка ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Бурабай ауданының Мәдениет ауылын дамыту және құрылыс салу схемасы;
- Атбасар ауданы Мариновка ауылының даму және құрылыс сызбасы;
- Зеренді ауданының Ивановка, Заречное, Електі ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары.
Сондай-ақ 2021 жылы Көкшетау қаласы және Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы бойынша үш ЕЖЖ әзірленді.
Жоғарыда аталған барлық қала құрылысы жобалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келісу сатысында.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен келесі қала құрылысы жобаларын әзірлеуге қаражат бөлінді:
- Ақкөл ауданының Урюпинск және Кіші Барап ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Аршалы ауданы Жалтыркөл ауылын дамыту және құрылыс салу схемасы;
- Бұланды ауданы Журавлевка ауылын дамыту және құрылыс салу схемасы;
- Зеренді ауданының Жолдыбай, Қошқарбай, Красиловка ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Егіндікөл ауданы Полтавское ауылы дамыту және құрылыс салу схемасы;
- Көкшетау қаласының бас жоспары;
- Қосшы қаласының бас жоспары;
- Целиноград ауданы Талапкер ауылының бас жоспарын түзету.
Ағымдағы жылы аудандар мен қалалардың жергілікті бюджеттерінен:
- Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылын дамыту және құрылыс салу схемасы;
- Көкшетау қаласы бойынша екі ЕЖЖ.