2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында 562 денсаулық сақтау объектісі жұмыс істейді, облыстық – 13, ауданаралық – 2, аудандық – 16, қалалық – 7 және ауылдық елді мекендерде 524.
Облыста 2022 жылдың 1 қаңтарына 1483 дәрігер және 5501 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.
10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 20,4 және орта медицина қызметкерлерімен – 74,0 құрайды.
Облыста туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 1,2%-ға (100 мың адамға шаққанда 42,0-ден 41,5-ке дейін) төмендегені байқалады) және қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық төмендеуі – 100 мың адамға шаққанда 18,8% - ға (3571,2-ден 2899,3-ке дейін).
Жалпы өлім – жітімнің 1000 адамға шаққанда 10,1% – ға (11,74-тен 12,92-ге дейін), қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімнің-0,2% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 103,19-дан 103,36-ға дейін), қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің-9% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 232,54-тен 255,56-ға дейін), жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан болатын өлім-жітімнің 0,2% - ға 100 мың тұрғынға шаққанда 88,32-ден 88,17-ге дейін), ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері (01.12.2021 ж.).
Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 22,3% - ға (1000 адамға шаққанда 6,68-ден 5,19-ға дейін) төмендеді. Ұлттық статистика бюросының 01.12.2021 ж.алдын ала деректері бала туу көрсеткіші 5,1% - ға (халықтың 1000 адамына шаққанда 16,9-дан 17,77-ге дейін) ұлғайды.
Денсаулық сақтаудың күрделі шығыстарына 2021 жылы 3,0 млрд.теңге, оның ішінде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға – 2,5 млрд. теңге, күрделі шығыстарға – 0,5 млрд. теңге бөлінді.