| №р/б | Іс-шара | Орындау мерзімі | Орындаушылар | Орындалуы |
| Көкшетау қаласы | ||||
| 1. | РК-1 газ-мазутты қазанның реконструкциялануын аяқтау | 2021 жылғы1 қазанға дейін | Көкшетау қаласының әкімдігі | Орындалды.РК-1-де газ-мазут қазандығын реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары "Crystal Construction Group" ЖШС мердігер ұйымымен аяқталды. |
| 2. | Абай-Тәшенов-Әуелбеков-Пушкин көшелері бойынша аула аумақтарына күрделі жөндеу жүргізу | 2021 жылғы1 қарашаға дейін | Көкшетау қаласының әкімдігі | Орындалды. «Көкшетауавтодор» ЖШС-мен Абай-Тәшенов-Әуелбеков-Пушкин көшесіндегі аула аумақтарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жалпы сомасы 122,6 млн. теңгеге, 2 жыл мерзімге шарт жасалды (2020-2021 жылдар). Бүгінгі таңда, барлық күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. |
| Степногорск қаласы | ||||
| 3. | Бестөбе кентінде кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізу (ұзындығы 1,5 км, Қ.Сәтбаев, Бөгенбай көшелері). | 2021 жылғы1 қарашаға дейін | Степногорск қаласының әкімдігі | Орындалды.Ағымдағы жылғы тамыз айында 47,150 млн.теңге жалпы сомасына Бестөбе кентінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу аяқталды (ұзындығы 1,5 км, Қ.Сәтбаев, Бөгенбай көшелері). |
| Ақкөл ауданы | ||||
| 4. | Ақкөл қаласында 45 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй құрылысын аяқтау | 2021 жылғы31 желтоқсанға дейін 2022 жылғы1 қазанға дейін ұзартылды |
Ақкөл ауданының әкімдігі | Орындалуда.Ақкөл қаласында жалға берілетін 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін, «НИКС Инжиниринг групп ИВ» ЖШС-мен 421,4 млн.теңге жалпы сомасына шарт жасалды. Іргетасының құрылысы және жертөлені плитамен жабу орындалды. Шартқа сәйкес пайдалануға беру мерзімі 2021 жылғы желтоқсанға жоспарланды.2021 жылы құрылыс материалдарының қымбаттауына және жобаның сметалық құжаттамасын түзетуге байланысты жұмыстар тоқтатылды. 2021 жылғы 18 қазанда № КС-0100/21 сараптаманың қорытындысы алынды, жалпы қымбаттауы 95,6 млн. теңгені құрады. Объектіні қаржыландыруды арттыруға Ақмола облысының құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Қаржыландыру сомасы артқаннан кейін және «НИКС Инжиниринг групп ИВ» ЖШС-мен шарт жасасқан соң, жұмыстар басталатын болады. |
| Астрахан ауданы | ||||
| 5. | Каменка ауылы Каменка орта мектебінің шатырын реконструкциялауды аяқтау | 2021 жылғы1 қыркүйекке дейін | Астрахан ауданының әкімдігі | Орындалды.Каменка орта мектебінің шатырын реконструкциялау аяқталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары «Байсын-А» ЖШС мердігер ұйыммен жүргізілді. |
| Атбасар ауданы | ||||
| 6. | Атбасар қаласында қан орталығының ғимаратын медицина қызметкерлері үшін тұрғын үйге реконструкциялауды аяқтау | 2021 жылғы15 желтоқсанға дейін | Атбасарауданының әкімдігі | Орындалды.Қан орталығының ғимаратын тұрғын үйге реконструкциялау аяқталды. Мердігер ұйым - «SCS Инжиниринг» ЖШС. Объект 2021 жылғы 27 желтоқсанда пайдалануға берілді. |
| Ерейментау ауданы | ||||
| 7. | Ерейментау қаласында Кенесары Қасымов, Жантай батыр, Бөгенбай батыр, Желтоқсан, Локомотивная көшелері бойынша жарықтандыру орнатуды аяқтау | 2021 жылғы31 желтоқсанға дейін | Ерейментау ауданының әкімдігі | Орындалды.Ерейментау қаласында Кенесары Қасымов, Жантай батыр, Бөгенбай батыр, Желтоқсан, Локомотивная көшелері бойынша жарықтандыру орнату жұмыстары аяқталды. |
| 8. | Ерейментау қ. №5 қазандықты және магистральды жылу тораптарын реконструкциялауды аяқтау | 2021 жылғы1 қазанға дейін | Ерейментау ауданының әкімдігі | Орындалды.Ерейментау қ. №5 қазандықты және магистральды жылу тораптарын реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталды. |
| Есіл ауданы | ||||
| 9. | Курское а. орта мектепті күрделі жөндеуді аяқтау | 2021 жылғы1 қыркүйекке дейін | Есіл ауданының әкімдігі | Орындалды.Курск ауылындағы орта мектепке 225,8 млн.теңге жалпы сомасына күрделі жөндеу жұмыстары «SOS Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйыммен аяқталды. |
| Зеренді ауданы | ||||
| 10. | Алексеевка кентінде су құбырының тораптарын реконструкциялауды аяқтау | 2021 жылғы1 желтоқсанға дейін 2022 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылды |
Зеренді ауданының әкімдігі | Орындалуда.2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Алексеевка к. су құбыры тораптарының аяқталуы 67% құрайды. 2021 жылғы қыркүйек айынан бері мердігер ұйыммен жұмыс өндірісінің қарқыны бәсеңдетілді, ол жұмыс өндірісінің бекітілген кестесінен артта қалып қоюға және объектіні іске қосудың жоспарланған мерзімін бұзуға әкеп соқтырды. Осыған байланысты, 2021 жылғы 18 қарашада Ақмола облысының МАЭС талап-арыз берілді. |
| 11. | «Викторовка - Исаковка» автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жүргізу | 2021 жылғы1 қарашаға дейін | Зеренді ауданының әкімдігі | Орындалды.«Викторовка - Исаковка» автомобиль жолына ағымдағы жөндеу толық көлемде аяқталды. |