2021 жылғы 12 қазанда облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысов мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау кезінде Көкшетау қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алуға көмек көрсету туралы мәселесін көтерді.
Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.