2021 жылғы 26 тамызда облыс әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімова мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау кезінде азаматтар медициналық университеттегі оқу ақысын төлеу және мүгедек баланы тексеру мәселелерін көтерді.
Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.