Экономика
2021 жылдың қаңтар - қараша аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 717 472,3 млн.теңгені құрады (НКИ – 88,8%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 481 259,7 млн. теңге (НКИ – 79,5%), мал шаруашылығы – 235 668,1 млн. теңге (НКИ – 112,4%).
Облыста барлығы 8975 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1851 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 1026 - жеке кәсіпкерлер, 6098 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
2021 жылдың 2 тоқсанында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 625,1 мың теңгені немесе 2020 жылғы деңгейге 113,2% - ды құрады.
Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2021 жылдың қаңтар- қараша 93,6 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 1,6 есе құрады.2021 жылдың қаңтар-қыркүйек ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 876,4 мың тоннаны немесе 2020 жылғы ұқсас кезеңге 108,7% - ды құрады, ақшалай мәнде – 253,4 млн. АҚШ долларын немесе 124,6% - ды құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 29,7% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 398 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -118,1 мың адам).2021 жылдың 3 тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында орташа жалақы 196,5 мың теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 15,4% - ға артты (2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте-19,8% өсіммен 169,0 мың теңге)