Ақмола облыстық мәслихаты депутатының мандатын беру және мәслихат депутаты болып Т.А. Пшеновті тіркеу туралы Ақмола облыстық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/172 ҚАУЛЫСЫ

Ақмола облыстық мәслихаты депутатының мандатын беру және

мәслихат депутаты болып Т.А. Пшеновті тіркеу туралы

 

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының

2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/172

ҚАУЛЫСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 111-1 - бабының 6-тармағына сәйкес және «Nur Otan» партиясы Ақмола өңірлік филиалы Саяси кеңесі Бюросының 2021 жылдың 8 желтоқсандағы № 056-PQ қаулысы негізінде облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мәслихат депутаты А.А Есентұровтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты мандат Тимур Амангелдіұлы Пшеновке берілсін.
  2. Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында тұратын, «Маншук АЭ» ЖШС  директоры, 1969 жылы туған, қазақ, Тимур Амангелдіұлы Пшенов тіркелінсін және оған куәлік пен төсбелгі тапсырылсын.
  3. Бұқаралық ақпарат құралдарында Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып Т.А. Пшеновтың тіркелгені туралы хабарлама жариялансын.

 

 

  Сайлау комисиясының

төрағасы                                                                                  М.Садуов                                   

 

   Сайлау комисиясының

хатшысы                                                                                 Н.Политкин   

 

Дата публикации
13 декабря 2021