«Сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері» атты облыстық семинарды өткізу қорытындылары туралы баспасөз-релизі

Ағымдағы жылғы 25-26 қарашада облыс орталығында «Сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында семинар өтті, оған облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары қатысты.

Семинарға қатысушылар сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін талқылады, ағымдағы жылдың 10 айындағы аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын қорытындылады, пікір алмасты, жұмыста туындайтын проблемалық мәселелерді қарастырды және сайлау комиссияларының жұмысын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

Семинарға қатысушылардың алдында «Қазіргі жағдайдағы сайлау комиссиялары қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбымен облыстық сайлау комиссиясының төрағасы М.А. Сәдуов сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. Г.Б. Евниева «Мемлекеттік қызмет саласындағы ҚР заңнама талаптарына сәйкес жүргізу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың құжаттарын дайындау тәжірибесі туралы» тақырыбында сөз сөйледі.

Ақмола облысы бойынша ҰҚКД бөлімінің басшысы А.В. Крапивин арнайы тексеру жүргізу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың құжаттарын дайындау тәжірибесімен таныстырды

Облыстық прокуратураның үшінші басқармасы бастығының орынбасары Ж.С. Тұралинов Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің енгізілуіне байланысты сайлау дауларын қарау ерекшеліктерін түсіндірді, ал Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Б.Д.Жарылғасов аталған дауларды қарау тәжірибесімен таныстырды.

Семинарға қатысушылардың алдында Степногорск қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Т.В. Семенюк «Мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» мәселесі бойынша, ал Бурабай ауданының АСК төрайымы А. Күштаева «Сайлау ұйымдастырушыларын және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Н.А. Политкин өткен Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауын бақылау тәжірибесімен таныстырды.

Сондай-ақ семинарға қатысушылар сайлау комиссиялары қызметінің практикалық мәселелерін талқылады.

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің басшысы А.А. Тасмағамбетова «Істердің номеклатурасы және сайлау құжаттарын сақтау туралы» тақырыбында сөз сөйледі, ал ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы И.М. Ыбраева сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін түсіндірді.

Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Н.А. Политкин «Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.

Семинарға қатысушылар сайлау процестерін автоматтандыру перспективаларын талқылады.

Екі күндік семинардың соңында PhD докторы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы М.Б. Жантемірова қатысушылармен «Сайлау процесіне қатысушылардың стресске төзімділігі және жеке тиімділігі» атты тренинг өткізді.

2021 жылғы 27 қараша

Дата публикации
27 ноября 2021