2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 54,9 мың бірлікті құрады (2020 жылғы қыркүйекке 102,1%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 48,4 мың бірлікті құрайды (2020 жылғы қыркүйекке 106,3%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 88,2%-ды құрады.
2021 жылғы 1 қазандағы ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 8619 бірлік.
- жеке кәсіпкерлер – 33 581 бірлік.
- шаруа (фермер) қожалықтары – 6225 бірлік.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте ШОК субъектілерінен 45,090 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2020 жылдың ұқсас кезеңіне 116,5%, салықтардың жалпы түсімінің 24,6%).
ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 2021 жылғы 1 шілдеде 133,5 мың адамды құрады (2020 жылғы деңгейге 103,4%) (деректерді статистика органдары тоқсандық кешігумен жариялайды). 6 өңірде ШОК-та жұмыспен қамтылғандар санының төмендеуіне жол берілген (Жақсы – 88,9%, Есіл - 92,4%, Степногорск – 97,5%, Бурабай – 97,7%, Жарқайың – 98,2%, Сандықтау-99,3%).
2021 жылғы қаңтар – маусымда ШОК өндіріс, жұмыс және қызмет көрсету көлемі 496,1 млрд. теңгені құрады (2020 жылғы деңгейге 140,3%) (деректерді статистика органдары тоқсандық кешігіп жариялайды). 6 өңірде ШОК субъектілерінің өнім шығаруының төмендеуіне жол берілген (Қорғалжын – 70,5%, Сандықтау – 72,0%, Астрахань – 77,7%, Степногорск - 82,9%, Аршалы – 92,8%, Біржан сал – 96,9%).
2021 жылғы қаңтар-маусымда ШОК жалпы қосылған құны 305 818,0 млн.теңгені немесе 31,6%-ды құрайды (АДБ бойынша жоспар 2021 жылы-30,8%).
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте ШОК субъектілерінде 4790 жаңа жұмыс орны құрылды (аудандық әкімдіктердің деректері бойынша).
2021 жылғы 1 қыркүйекке ШОК-қа 44,0 млрд. теңгеге кредиттер берілді, бұл берілген кредиттердің жалпы көлемінің 15,4%–ын құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында– 75,2%, қайта өңдеу өнеркәсібі саласында-16,9%.