2021 жылы жеке инвестициялар есебінен 3,2 мың жұмыс орнын құрумен 213 млрд. теңгеге 144 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған, олардың ішінде ең ірілері:
- Степногорск қаласындағы «Ақсу Technology» ЖШС Доре қорытпасындағы қуаты 6 тонна алтынға дейінгі алтын өндіру фабрикасын салу;
- Аршалы ауданында «Ақ-Дала Агро» ЖШС қуаттылығы 6 мың тонна құс фабрикасын салу;
- Көкшетау қаласында «ENKI» ЖШС қуаттылығы 30 млн. дана керамикалық қатардағы кірпіш шығаратын зауыт салу;
- Атбасар ауданында «БАХА SÖHNE» ЖШС қуаттылығы 14400 тонна сұлы үлпектерін шығаратын тамақ фабрикасын салу;
- Көкшетау қаласында қуаты 700 дана «Kazrost Engineering Ltd» ЧК ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейту (тракторлар құрастыруды ұйымдастыру).».
Бүгінгі таңда 148,7 млрд.теңгеге 55 жоба пайдалануға берілді, 1,3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.