Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы

Ақмола облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасына 2021 жылы жалпы сомасы 86,9 млрд. теңгеге, 1,0 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрумен 11 жоба енгізілді, оның ішінде ең ірі жобалар:

- Аршалы ауданында 2022 жылы іске қосу мерзімімен «SG Brick» ЖШС қуаттылығы жылына 120 млн. кірпіш зауытын салу;

- Аршалы ауданында «SG Beton Завод» ЖШС темірбетон бұйымдарын өндіру зауытын салу, қуаты: қадалар-жылына 645 120 П.м., плиталар жылына 483 840 ш. м. 2022 жылы іске қосу мерзімімен;

- «Asyl tas corp»ЖШС қуаттылығы жылына 700 тоннаға дейін жасанды мәрмәр өндіру фабрикасын салу. Қосшы қаласында іске қосу мерзімі 2023 жылы.

Дата публикации
01 октября 2021