- Экономика
- Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 694,3 млрд. теңгені құрды, тауар өнімнің НКИ – 108,4%.
- Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 102,7% құрады,
өсім құрамында алтын бар кендерді өндіру көлемінің 27,7%-ға артуымен байланысты.
- Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 108,6% құрды.
Азық-түлік өндірісінде (НКИ – 117,9%) ет және субөнімдер 1,5 есеге (заттай мәнде), сары май өндіру - 24,9%-ға ұлғайды.
Сусындар өндірісі саласында (НКИ – 145,3%) минералды су өндірісі
37,5%-ға, арақ – 1,5 есеге өсті.
Химия өнеркәсібінде (НКИ – 151,9%) өсім «Astana Nan Chemicals» ЖШС-де пестицидтер өндірісі көлемінің 2,2 есеге артуымен байланысты.
- Резеңке және пластмасса өнімдері өндірісінде (НКИ – 523,7%) өндірісі 26,2%-ға, резеңкеден жасалған шлангілер 18,9 есеге, полиэтиленнен жасалған қаптар мен сөмкелер өндірісі – 26,2%-ға ұлғайды.
Машина жасау саласында (НКИ – 183,4%) астық жинайтын комбайндар өндірісінің көлемі 7,6 есеге, тракторлар - 2,7 есеге, подшипниктер – 11,4%-ға ұлғайды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 258,8 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2020 жылдың деңгейіне 111,8% құрады.
- Өсімдік шаруашылығы. Ағымдағы жылы жаздық егіс 5044,7 мың га алаңда жүргізілді, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар -
4562,7 мың га.
- Майлы дақылдарды егу 266,5 мың га алқапта, картоп – 20,6 мың га, көкөніс – 3,5 мың га алқапта жүргізілді.
- Азықтық дақылдардың жаздық егісі жүгеріні есепке алғанда 191,4 мың га алаңға орналастырылған.
- Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тірі салмақта 123,4 мың тонна ет (28,9%-ға өсім), 284,2 мың тонна сүт (0,8%-ға өсім).
- ІҚМ басының саны 1,2%-ға өсті (486,2 мың басты құрайды), оның ішінде сиыр – 2,9%-ға (234,2 мың басқа дейін), қой мен ешкі – 4,4%-ға (614,9 мың басқа дейін), жылқы – 8,4%-ға (227,9мың басқа дейін), құстар – 26,2%-ға (9,7 млн. басқа дейін).
- Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен астана базарларына (2021 жылғы 10 қыркүйек жағдайына) 93 мың тонна сүт өнімдері (2020 жылғы ұқсас кезеңіне өсім 0,8% -ға), 19,7 мың тонна ет өнімдері (өсім 1%-ға).
- Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қ. маңындағы азық-түлік белдеуі аясында 41,7 млрд.теңгенің 50 жобасы іске асырылуда, 12,6 млрд. теңгеге
12 жоба іске асырылған.
- Облыс экономикасын дамытуға 276,3 млрд. теңге немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 110% инвестицияланды.
- Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында 58,9% кәсіпорындар мен жеке құрылыс салушылардың өз қаражатына немесе
162,7 млрд. теңгеге келеді, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты 12,7% немесе 35,3 млрд. теңгені құрады. Инвестиция құрылымындағы банктер кредиттерінің үлесі 17,5%-ы, басқа да қарыз қаражаты – 10,9%-ды құрады.
- 2021 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға
11,6 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 18 нысанның құрылысына (4,8 млрд. теңге) және 26 нысанды қайта жаңартуға (5 млрд. теңге), 27 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (185,5 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (573,4 млн. теңге) және
19 нысанды ағымдағы жөндеуге (1,1 млрд. теңге) бағытталды.
- 590 ауылдық елді мекеннің ішінде 365 АЕМ-де орталықтандырылған сумен жабдықтау (61,9%), орталықтандырылмаған - 225 АЕМ (38,1%), оның ішінде 18 АЕМ-де әкелінетін су (3,1%). Қалаларда орталықтандырылған сумен халықтың 98,8% қамтылған.
- Құрылыс жұмыстарының көлемі 98,6 млрд. теңгені немесе
2020 жылдың тиісті кезеңінен 129,1% құрады.
- 379 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңнің 104,9%-ды құрайды.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік.
Облыста жалпы құны 11,9 млрд. теңгеге 65 мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша шарттарға қол қойылды, 9 жоба бойынша 5,3 млрд. теңгеге мемлекеттік міндеттемелер қабылданды. 16 жоба жоспарлау сатысында.
- Кәсіпкерлікті дамыту. Облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 48 185 бірлікті құрайды, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 8 566 бірлік, жеке кәсіпкерлер –
33 417 бірлік, шаруа (фермер қожалықтары) – 6 202 бірлік.
- «Бизнестің жол картасы 2025» (бұдан әрі - Бағдарлама) бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданылу кзеңінде (2010 жылдан бастап) жалпы сомасы 207,9 млрд. теңгеге 3218 жоба мақұлданды, оның ішінде:
- - пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау (1, 2, 3 бағыт, портфельдік) – 171,2 млрд. теңге несие сомасына 2103 жоба;
- - ШОБ кредиттері бойынша кепілдіктер беру бойынша 23,3 млрд. теңге кредиттер сомасына барлығы 927 жоба мақұлданды, кепілдіктер сомасы
10,3 млрд. теңгені құрайды;
- гранттық қаржыландыру бойынша 357,5 млн. теңге грант сомасына барлығы 131 жоба мақұлданды;
- - жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу бойынша 13 млрд. теңге сомасына барлығы 57 жоба мақұлданды.
- 2021 жылы Бағдарламаны іске асыруға қосымша бөлінетін қаражатты ескере отырып 7 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде кредиттер
бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 4,3 млрд. теңге, ішінара кепілдендіруге – 1 млрд. теңге, гранттарға - 100 млн. теңге, жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттарға - 60 млн. теңге, ШОБ объектілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге – 1,6 млрд. теңге.
- Тұтыну бағаларының индексі (2020 жылғы желтоқсанға қарағанда
2021 жылғы тамыз) 105,6% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 107,5%, азық-түлік емес тауарларға – 105%, халыққа көрсетілген ақылы қызметтерге – 103,7%.
2021 жылдың қаңтар-маусым орташа айлық жалақы 2020 жылғы деңгейге қарағанда 19,9%-ға өсіп, 195 мың теңгені құрады.
- Салық және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 176,3 млрд. теңге салықтар мен міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 105,3%, оның ішінде республикалық бюджетке – 105,3 млрд. теңге (болжамға 101,1%), жергілікті бюджетке – 71 млрд. теңге (болжамға 112,1%).
-
- Әлеуметтік сала
- Ағымдағы жылдың басынан облыста 14 605 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 9 479 тұрақты.
- Жұмыспен қамту қызметі арқылы 11027 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтініш білдіргендердің 77,8% құрады.
- Жұмыс іздеу Клубтарының семинарлық сабақтарына 1566 азамат қатысты, оның ішінде тұрақты және уақытша жұмысқа - 1193 (76,1%) орналастырылды.
- Бос жұмыс орындары 81 жәрмеңкесі өткізілді, онда 1795 бос жұмыс орындары ұсынылды, нәтижесінде 1101 адам жұмысқа орналастырылды.
- Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» кәсіпкерлікті дамыту ағымдағы жылы:
- - «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқумен 547 адам немесе жоспарға 110,5% қамтылды (жоспар -
495 адам);
- - «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2173 адам қамту жоспарланған, оның ішінде:
- - «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне -
- 1300 адам, 01.09.2021ж. жағдай бойынша 1415 адам оқытудан өтті;
- - ауылда және қалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға -
2085,1 млн. теңге сомасына 354 шағын несие беру. 01.09.2021ж. микрокредиттер 319 адамға 1 551,7 млн. теңгеге, оның ішінде қала бойынша
53 адамға 578,6 млн. теңгеге, ауыл бойынша - 266 адамға 973,1 млн. теңгеге алынды;
- - жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға - 302,8 млн. теңгеге 519 грант беру жоспарланған. 01.09.2021ж. жағдай бойынша 291,4 млн. теңгеге 523 грант берілді;
- - «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесіне 2615 адам қамту жоспарланған. 01.09.2021ж. жағдай бойынша 3197 адам қамтылды, оның ішінде: жастар практикасына 431 адам жіберілді (жоспар - 417), әлеуметтік жұмыс орындарына – 472 адам (жоспар - 404), ақылы қоғамдық жұмыстарға – 2294 адам (жоспар - 1794).
- Мектепке дейінгі ұйым – 599 бірлік, соның ішінде 252 балабақша
(соның ішінде - мемлекеттік 130, жеке – 115, сенімгерлік басқаруда - 7) және
347 мектепке дейінгі шағын орталық.
- Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 100% , 1-6 жас аралығы бойынша 77,6%.
- Балаларды мектепке жеткізу 207 елді мекеннен жүзеге асырылады.
- 2021 жылы 5 мектептің құрылысы жалғасуда: Целиноград ауданында
(3 мектеп: Қосшы қ., сс.Өтеміс, Раздольное), Аршалы (Жібек Жолы а.) және Көкшетау қаласында (Красноярск трассасының бойында) оқу-тәрбие кешені, Көкшетау қаласында (№1 және №4) мектептердің оқу корпустарына 2 жапсаржай, Целиноград ауданында (Қосшы қ., Қараөткел а.) және Көкшетау қаласында
3 балабақша салу.
Сандықтау (Петровка ауылы), Біржан сал (Бұланды ауылы) және Целиноград аудандарында (сс.Шұбар, Жаңажол), Степногорск қаласында (Бестөбе кенті), Көкшетау қаласында және Целиноград ауданында 3 балабақша (2 жоба), Ақкөл ауданында (Ақкөл қ.) №4 мектепке жапсаржай құрылыс салуды бастау көзделген.
Денсаулық сақтау саласында Қараөткел ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория және Қосшы қаласында бір ауысымда
100 адам қабылдайтын емхана құрылысы жалғасуда, Целиноград ауданы Қоянды ауылында 50 келушіге арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысын бастау көзделген.
Денсаулық сақтау саласында 2021 жылдың қаңтар-тамызда туберкулезбен ауыру көрсеткіші 4,3%-ға (100 мың халыққа шаққанда 27,6-дан
26,4-ке дейін) төмендеді, қан айналу жүйесінің ауруларымен ауыру деңгейі 17,1%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2304,4-тен 1910,6-ға дейін) төмендеді.
Нәресте өлімі 23,6%-ға (1000 адамға шаққанда 6,45-тен 4,93-ке дейін) төмендеді. Бала туу көрсеткіші 5,5%-ға өсті (1000 адамға шаққанда 16,65-тен
17,56-ға дейін, 01.08.2021ж. жағдайы бойынша Ұлттық статистика бюросының алдын
ала деректері).
Денсаулық сақтаудың күрделі шығыстары үшін 2021 жылы 2,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде медициналық ұйымдарды жабдықтау үшін –
1,7 млрд. теңге, күрделі жөндеуге – 521,9 млн. теңге.