Ақмола облысының 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

  1. Экономика
  • Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 802,1 млрд. теңгені құрды, тауар өнімнің НКИ – 108,6%.
  • Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 102,8% құрады,
    өсім құрамында алтын бар кендерді өндіру көлемінің 25,5%-ға артуымен байланысты.
  • Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 108,7% құрды.

Азық-түлік өндірісінде (НКИ – 117,7%) сары май (заттай мәнде) өндіру - 27,7%-ға, өңделген сүт 2,6%- ға, ет және субөнімдер 50,9%-ға ұлғайды.

Сусындар өндірісі саласында (НКИ – 147,7%) минералды су өндірісі
33,4%-ға, арақ – 61,4%-ға өсті.

Химия өнеркәсібінде (НКИ – 158,9%) өсім «Astana Nan Chemicals» ЖШС-де пестицидтер өндірісі көлемінің 2,2 есеге артуымен байланысты.

  • Резеңке және пластмасса өнімдері өндірісінде (НКИ – 595,6%) резеңкеден жасалған шлангілер 22,2 есеге, полиэтиленнен жасалған қаптар мен сөмкелер өндірісі – 26%-ға ұлғайды.

Машина жасау саласында (НКИ – 148,8%) астық жинайтын комбайндар өндірісінің көлемі 1,7 есеге, тракторлар - 2,6 есеге, подшипниктер – 7,1%-ға ұлғайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 629 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2020 жылдың  деңгейіне 100,1% құрады.

  • Өсімдік шаруашылығы. Ағымдағы жылдың астық жинау науқаны аяқталды, дәнді дақылдар 4,5 млн. га алаңында жиналған. Жалпы астық жинауы 4 млн. тоннаны құрады, орташа шығарылымы – 8,8 ц/га.

Азықтық дақылдарды жинау 191,4 мың га алаңда жүргізілді немесе жинау алаңынан 100%, жалпы түсімі 224,4 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділік 11,7 ц/га.

Картоп жинау 20,6 мың га алаңда жүргізілді немесе жинау алаңынан 100%, картоптың жалпы түсімі 219,5 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділік 106,2 ц/га.

Көкөністер 3,5 мың га алаңнан немесе 100% жиналды, көкөністердің жалпы түсімі 35,4 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділік 100,8 ц/га.

  • Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тірі салмақта 138,6 мың тонна ет (2020 жылдың тиісті кезеңіне 29%-ға өсу), 322,7 мың тонна сүт (0,5%-ға өсім) өндірілді.
  • ІҚМ басының саны 1,3%-ға өсті (478,8 мың басқа дейін), оның ішінде сиыр – 2,8%-ға (233,1 мың басқа дейін), қой мен ешкі – 4,7%-ға (597,9 мың басқа дейін), жылқы – 8,5%-ға (224,1 мың басқа дейін), құстар – 20,9%-ға (9,4 млн. басқа дейін).
  • Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен астана базарларына (2021 жылғы 8 қазан жағдайына) 97,6 мың тонна сүт өнімдері (2020 жылғы ұқсас кезеңіне өсім 0,9% -ға), 21,9 мың тонна ет өнімдері (өсім 0,6%-ға) жеткізілді.
  • Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қ. маңындағы азық-түлік белдеуі аясында 35,6 млрд. теңгенің 46 жобасы іске асырылуда, 13,7 млрд. теңгеге
    18 жоба іске асырылған.
  • Облыс экономикасын дамытуға 327,9 млрд. теңге немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 104,5% инвестицияланды.
  • Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында 60,3% кәсіпорындар мен жеке құрылыс салушылардың өз қаражатына немесе
    197,7 млрд. теңгеге келеді, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты 14,1% немесе 46,2 млрд. теңгені құрады. Инвестиция құрылымындағы банктер кредиттерінің үлесі 15,3%-ы, басқа да қарыз қаражаты – 10,3%-ды құрады.
  • 2021 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға
    10,7 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 18 нысанның құрылысына (4,6 млрд. теңге) және 26 нысанды қайта жаңартуға (5 млрд. теңге), 25 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (148,4 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (223,4 млн. теңге) және
    14 нысанды ағымдағы жөндеуге (701,1 млрд. теңге) бағытталды.
  • 590 ауылдық елді мекеннің ішінде 365 АЕМ-де орталықтандырылған сумен жабдықтау (61,9%), орталықтандырылмаған - 225 АЕМ (38,1%), оның ішінде 18 АЕМ-де әкелінетін су (3,1%). Қалаларда орталықтандырылған сумен халықтың 98,8% қамтылған.
  • Құрылыс жұмыстарының көлемі 129 млрд. теңгені немесе
    2020 жылдың тиісті кезеңінен 121% құрады.
  • 443,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңнің 106,2%-ды құрайды.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік.

Облыста жалпы құны 11,9 млрд. теңгеге 65 мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша шарттарға қол қойылды, 9 жоба бойынша 5,3 млрд. теңгеге мемлекеттік міндеттемелер қабылданды. 17 жоба жоспарлау сатысында.

  • Кәсіпкерлікті дамыту. Облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 48 425 бірлікті құрайды, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 8 619 бірлік, жеке кәсіпкерлер –
    33 581 бірлік, шаруа (фермер қожалықтары) – 6 225 бірлік.
  • «Бизнестің жол картасы 2025» (бұдан әрі - Бағдарлама) бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданылу кзеңінде (2010 жылдан бастап) жалпы сомасы 216,8 млрд. теңгеге 3494 жоба мақұлданды, оның ішінде:
  • - пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау (1, 2, 3 бағыт, портфельдік) – 178,8 млрд. теңге несие сомасына 2360 жоба;
  • - ШОБ кредиттері бойынша кепілдіктер беру бойынша 24,6 млрд. теңге кредиттер сомасына барлығы 946 жоба мақұлданды, кепілдіктер сомасы
    10,9 млрд. теңгені құрайды;

- гранттық қаржыландыру бойынша 357,5 млн. теңге грант сомасына барлығы 131 жоба мақұлданды;

  • - жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу бойынша 13 млрд. теңге сомасына барлығы 57 жоба мақұлданды.
  • 2021 жылы Бағдарламаны іске асыруға қосымша бөлінетін қаражатты ескере отырып 7 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде кредиттер
    бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 4,3 млрд. теңге, ішінара кепілдендіруге – 1,1 млрд. теңге, гранттарға - 100 млн. теңге, жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттарға - 60 млн. теңге, ШОБ объектілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге – 1,6 млрд. теңге.
  • Тұтыну бағаларының индексі (2020 жылғы желтоқсанға қарағанда
    2021 жылғы қыркүйек)
    106% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 107,6%, азық-түлік емес тауарларға – 105,9%, халыққа көрсетілген ақылы қызметтерге – 104%.

2021 жылдың қаңтар-маусым орташа айлық жалақы 2020 жылғы деңгейге қарағанда 19,9%-ға өсіп, 195 мың теңгені құрады.

  • Салық және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 194 млрд. теңге салықтар мен міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 105%, оның ішінде республикалық бюджетке – 115 млрд. теңге (болжамға 101,4%), жергілікті бюджетке – 79 млрд. теңге (болжамға 110,8%).
  •  
  1. Әлеуметтік сала
  • Ағымдағы жылдың басынан облыста 16 189 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 10 491 тұрақты.
  • Жұмыспен қамту қызметі арқылы 13 101 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтініш білдіргендердің 82,9% құрады.
  • Жұмыс іздеу Клубтарының семинарлық сабақтарына 1692 азамат қатысты, оның ішінде тұрақты және уақытша жұмысқа 1294 (76,4%) орналастырылды.
  • Бос жұмыс орындары 93 жәрмеңкесі өткізілді, онда 2319 бос жұмыс орындары ұсынылды, нәтижесінде 1268 адам жұмысқа орналастырылды.
  • Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» кәсіпкерлікті дамыту ағымдағы жылы:
  • - «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқумен 1750 адам немесе жоспарға 103,9% қамтылды (жоспар -
    1685
    адам);
  • - «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2173 адам қамту жоспарланған, оның ішінде:
  • - «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне -
    - 1300 адам, 01.10.2021ж. жағдай бойынша 1415 адам оқытудан өтті;
  • - ауылда және қалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға -
    2085,1 млн. теңге сомасына 354 шағын несие беру. 01.10.2021ж. микрокредиттер 348 адамға 1 826,9 млн. теңгеге, оның ішінде қала бойынша
    61 адамға 727 млн. теңгеге, ауыл бойынша - 287 адамға 1099,9 млн. теңгеге алынды;
  • - жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға - 302,8 млн. теңгеге 519 грант беру жоспарланған. 01.10.2021ж. жағдай бойынша 297,5 млн. теңгеге 539 грант берілді;
  • - «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесіне 2615 адам қамту жоспарланған. 01.10.2021ж. жағдай бойынша 3303 адам қамтылды, оның ішінде: жастар практикасына 454 адам жіберілді (жоспар - 417), әлеуметтік жұмыс орындарына – 488 адам (жоспар - 404), ақылы қоғамдық жұмыстарға – 2361 адам (жоспар - 1794).
  • Мектепке дейінгі ұйым – 598 бірлік, соның ішінде 253 балабақша
    (соның ішінде - мемлекеттік 137, жеке – 116) және 345 мектепке дейінгі шағын орталық.
  • Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 100% , 1-6 жас аралығы бойынша 77,6%.
  • Балаларды мектепке жеткізу 207 елді мекеннен жүзеге асырылады.
  • 2021 жылы 6 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған: Қосшы қ., Целиноград ауданы 3 мектептің (Өтеміс, Раздольное, Арайлы ауылдары) және Көкшетау қ. оқу-тәрбие кешенінің (Красноярск трассасы бойында), Көкшетау қ. мектептің оқу корпусына жапсаржай салу (№1 ОМ).
  • Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылында мектеп құрылысы және Көкшетау қаласындағы №4 орта мектептің оқу корпусына қосымша,
    3 балабақша салу жалғасуда: Целиноград ауданы Қосшы қаласында, Қараөткел ауылында және Көкшетау қаласында.
  • 6 мектептің құрылысын бастау қарастырылған: Сандықтау ауданында (Петровка ауылы), Біржан сал ауданында (Бұланды ауылы), Целиноград ауданында (Шұбар, Жаңажол ауылдарында 2 жоба), Степногорск қаласында (Бестөбе кенті), Көкшетау қаласында, 3 балабақша құрылысы: Целиноград ауданында (Қоянды ауылы) және Көкшетау қаласында (2 жоба), Ақкөл ауданындағы №4 мектепке қосымша құрылыс (Ақкөл қаласы).

Денсаулық сақтау саласында Целиноград ауданының Қараөткел ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория мен Қосшы қаласында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емхана құрылысын аяқтау жоспарланған.

Целиноград ауданы Қоянды ауылында 50 келушіге арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысын бастау көзделген.

Денсаулық сақтау саласында 2021 жылдың қаңтар-қыркүйекте қан айналу жүйесінің ауруларымен ауыру көрсеткіші 16,3%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2637,3-тен 2207,2-га дейін) төмендеді.

Нәресте өлімі 30,1%-ға (1000 адамға шаққанда 7,07-тен 4,94-ке дейін) төмендеді. Бала туу көрсеткіші 6,3%-ға өсті (1000 адамға шаққанда 16,73-тен
17,79-ға дейін
, 01.09.2021ж. жағдайы бойынша Ұлттық статистика бюросының алдын
ала деректері)
.

Денсаулық сақтаудың күрделі шығыстары үшін 2021 жылы 2,3 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде медициналық ұйымдарды жабдықтау үшін –
1,8 млрд. теңге, күрделі жөндеуге – 0,5 млрд. теңге.

 

Дата публикации
03 сентября 2021