Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының "Бірыңғай есеп күні" отырысына ақпарат

Мемлекеттік бақылау

2021 жылдың есептік кезеңінде еңбек инспекциясы басқармасы облыстың 284 кәсіпорны мен ұйымын тексерді.

Тексеру барысында 328 бұзушылық анықталды, оның ішінде:

– еңбек қатынастары бойынша-296;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша -29;

- халықты жұмыспен қамту бойынша-3.

Бұзушылықтарды жоюға жұмыс берушілерге 166 ұйғарым берілді, жеке және заңды тұлғалардың 875 өтініші қаралды.

2021 жылдың есепті кезеңінде 75 лауазымды және заңды тұлғаларға 9 млн.068,8 мың теңге сомасында әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

Жалақы бойынша берешекке қатысты

Мемлекеттік еңбек инспекциясымен 2021 жылдың басынан облыстың 72 кәсіпорнында 348 қызметкер алдында 90,6 млн. теңге сомасында жалақы бойынша берешек анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалақы бойынша жалпы сомасы 90,6 млн.теңгеге анықталған берешек толық төленді.

Осы кәсіпорындардың басшыларына 72 ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабының 1,2-бөлігіне сәйкес 7,5 млн.теңге сомасына 72 әкімшілік айыппұл салынды (әкімшілік айыппұлдар толық көлемде өтелді).

Осылайша, бүгінгі күні қызметкерлер алдында мерзімі өткен және ағымдағы берешек жоқ.

Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынған ақпаратына сәйкес Ерейментау ауданының "Металлон" ЖШС банкрот деп танылды, онда 13 қызметкердің алдында 23,9 млн.теңге сомасында жалақы бойынша берешегі бар.

Жалақы бойынша берешекті өтеу жөніндегі шаралар "оңалту және банкроттық туралы" заң шеңберінде қабылданады, оған бақылауды Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жүзеге асырады.

Анықтамалық: Сондай-ақ, облыс бойынша жеке сот орындаушыларының өндірісіндегі 13 кәсіпорында 58 қызметкер алдында жалпы сомасы 87,6 млн.теңге жалақы бойынша берешек бар.

Бұл берешек "атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтеледі.

 

Дата публикации
08 октября 2021