ON THE PROGRESS OF INSPECTIONS IN THE FIELD OF SANITARY AND EPIDEMIOLOGICAL CONTROL AND SUPERVISION

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ

САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ САЛАСЫНДА ТЕКСЕРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды (Ерекше тәртіп бойынша тексерулер, жоспардан тыс және профилактикалық бақылау) жүзеге асыру жолымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

Ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың есепті кезеңіне 791 объект жатқызылды, 578-і тексерілді, кестенің орындалуы 73% құрады .

Жалпы облыс бойынша 1089 нысан тексерілді, оның ішінде ерекше тәртіп бойынша 578 және жоспардан тыс 511.

Тексеру кестесін орындаудың төмен көрсеткіші тексерілетін субъектілердің ведомствосының өзгеруі, аудиттің оң қорытындысы, ЖК ауыстыру, объектінің қызметін тоқтата тұру және т. б. себептерге байланысты.

Ерекше тәртіп бойынша жүргізілген 578 тексерудің 384 объектісінде бұзушылықтар анықталды (66%), 34 651 025 теңге сомасына 344 әкімшілік айыппұл салынды.

Бару арқылы профилактикалық бақылаумен 244 объект қамтылды, оның ішінде рұқсат беру құжатын беру бойынша 153, өнім қауіпсіздігінің мониторингі бойынша 244 объектіге барды.

Үйлестіру орталықтарынан келіп түскен шұғыл хабарламаларға сәйкес, карантиндік шектеулерді бұзу фактілері бойынша 267 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

ҚР ДСМ бұйрығының негізінде халықтың өмірі мен денсаулығына жаппай қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша 1 жоспардан тыс тексеру жүргізілді (Жақсы ауылының су құбыры, Жақсы ауданы).

Жүргізілген 511 жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 511 нысанның 282-іне бұзушылықтар анықталып, 47 809 870 теңге сомасына 274 айыппұл салынды.

Тексеру барысында өндірістік бақылаудың болмауы, зертханалық-аспаптық зерттеулер мен өлшемдердің сәйкес келмеуі, сондай-ақ медициналық тексерудің болмауы, объектінің қанағаттанғысыз санитарлық-техникалық жай-күйі және т. б. бұзушылықтар жиі анықталады.

  "ASHYQ" жобасы аясында үйді оқшаулау режимін бұзғаны үшін жалпы және қысқартылған өндіріс тәртібінде 408 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұлдың жалпы сомасы 19 237 734 теңгені құрайды.  

  Өкінішке орай, жоғарыда аталған адамдардың арқасында "ASHYQ" жобасында жұмыс істейтін объектілерде келушілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейді және соның салдарынан коронавирустық инфекция аурушаңдығының өсуіне алып келеді.

  2021 жылдың 8 айында облыс бойынша 159 өтініш түсті, оның ішінде 134 өтініш, 15 шағым, 10 сұрау. 124 өтініш қаралып, оның 46-сы қанағаттандырылды, 68-і түсініктеме берілді, 10-ы қайта жолданды.     

 

Дата публикации
08 октября 2021