Экономика
2021 жылдың қаңтар - шілде аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 153 968,6 млн.теңгені құрады (НКИ – 111,9%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 6 882,8 млн. теңге (НКИ – 97,3%), мал шаруашылығы – 146 997,6 млн. теңге (НКИ – 112,6%).
-өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,2 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ қолжетімділігін арттыруға – 9 757,5 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 4 171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға – 1 290,0 млн. теңге).
-мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: асыл тұқымды мал шаруашылығын, сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын субсидиялау 2021 жылы көрсетілген бағдарламалардың іске асыруына 5,4 млрд. теңге бөлінді.
-инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 13,0 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 11990,0 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға – 697,8 млн. теңге, қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру – 300,0 млн. теңге).
-қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 5,6 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 196,7 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 5399,4 млн. теңге).
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға 60,0 млн. теңге бөлінді (микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру – 50,0 млн. теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау-10,0 млн. теңге).
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы облыс 5044,7 мың га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын жаздық себуді жүргізді, оның ішінде: дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар 4562,7 мың га алаңда орналастырылды, майлы дақылдар – 266,5 мың га, жүгеріні есепке алғандағы жемшөп дақылдары - 191,4 мың га.
Халықты есепке ала отырып, картоп 20,6 мың га алаңда және көкөніс - 3,5 мың га алқапта отырғызылды.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2021 жылғы қаңтар - шілде айларында АШТӨ барлығы 43,7 млрд. теңге сомасына 1614 бірлік техника сатып алды:
- астық жинау комбайндары – 13,0 млрд. теңге сомасына 208 бірлік;
- тракторлар – 15,2 млрд. теңге сомасына 349 бірлік;
- тұқым септкіштер – 0,3 млрд. теңге сомасына 219 бірлік;
- егіс кешендері – 4,9 млрд. теңге сомасына 83 бірлік;
- өзге де техникалар – 10,3 млрд. теңге сомасына 755 бірлік.
Егін жинауға 8,5 мың астық жинайтын комбайн (оның ішінде өнімділігі жоғары комбайндар - 3,5 мың), тракторлар - 14,5 мың, жүк автомобильдері - 5 мың, сондай-ақ 2,5 мың дестелегіш тартылған.
Жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету
ҚР Энергетика министрлігі Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 2021 жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 77 мың тонна кепілдендірілген дизель отынының көлемін бөлді, оның ішінде:: Павлодар МХЗ - дан – 42,5 мың тонна, ПҚОП-дан (Шымкент) – 34,5 мың тонна. Айлар бөлінісінде ЖЖМ бөлінді:
- шілде - 30 мың тонна (ПМХЗ – 20 мың тонна, ПКОП-10 мың тонна).
– тамыз - 32 мың тонна (ПМХЗ – 8,5 мың тонна, ПКОП-23,5 мың тонна).
- қыркүйек – 15 мың тонна (ПМХЗ - 14 мың тонна, ПКОП-1 мың тонна).
МӨЗ – ден дизель отынының босату бағасы тоннасына 189 мың теңгені, ал АШТӨ үшін түпкілікті баға 1 литрге 184 теңгені құрайды.
Мал шаруашылығы
Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2021 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша 493,7 мың басты құрайды (2020 жылдың сәйкес кезеңіне 101,7%), оның ішінде сиыр басы –236,2 мың бас (103,4%).
Жылқы басы 230,7 мың басты (108,4%), құс – 9880,8 мың басты (130%) құрады.
Қой мен ешкі басы 626,4 мың басты (104,3%), шошқа 101,1 мың басты (95,3%) құрады.
Облыста 109,9 мың тонна (128,5%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 244,2 мың тонна (101,1%), жұмыртқа –462,6 млн.дана (92,5%) өндірілді.
Фермаларды құру
Етті мал шаруашылығын одан әрі дамыту шеңберінде 2021 жылы облыста 5,9 мың бас етті ірі қара мал сатып ала отырып, 112 ферма құру бойынша жол картасы әзірленді. 7 ай ішінде 2 057 басқа 33 ферма құрылды.
Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында ағымдағы жылы 4,1 мың бас сатып алумен 19 СТФ құру жоспарланған, бұл ретте 911 басқа 7 ферма құрылды.
Азық-түлік белдеуі шеңберінде
Нұр-Сұлтан қ.төңірегіндегі азық-түлік белдеуі бойынша 2021 жылы жалпы сомасы 41,7 млрд. теңгеге 50 жоба іске асырылу жоспарлануда, 12,6 млрд. теңгеге 10 жоба іске асырылған (229 жұмыс орны құрылды):
-4 - бордақылау алаңдарының құрылысы бойынша 1,7 млрд. теңге сомасына (Аршалы ауданында "Қапас Қанипа" ЖК бордақылау алаңы 40,0 млн. теңгеге асырылды);
-13 - сүтті мал шаруашылығы бойынша 11,6 млрд. теңге сомасына (Ақкөл ауданында "Ақкөл АГРО" ЖШС 400,0 млн. теңге сомасына іске асырылды);
-13 – етті мал шаруашылығы бойынша 1,8 млрд. теңге сомасына (5 ет фермасы асырылды: Ақкөл ауданында 85,0 млн. теңге сомасына- "К и Бим" ЖШС, Зеренді ауданында 40,0 млн. теңге сомасына - "Бекас" ЖШС, Сандықтау ауданында 30,0 млн. теңге сомасына- "Ақ жол 2014" ӘКК», Ерейментау ауданында - 108,0 млн. теңге сомасына "Серноводск" ЖШС, Жақсы ауданында-42,0 млн. теңге сомасына "Виктор" ЖШС);
-2 - құс шаруашылығын дамыту бойынша 11,2 млрд. теңге сомасына (Аршалы ауданында 11,0 млрд. теңге сомасына "Ақ-дала Агро" ЖШС құс фабрикасы іске асырылды»);
-8 – АШ өнімдерін қайта өңдеу бойынша 7,1 млрд. теңге сомасына (Көкшетау қаласында 60,0 млн. теңге сомасына "Гормолзавод" ЖШС жобасы жүзеге асырылды);
-10 - астық қоймалары мен картоп сақтау қоймаларын салу бойынша 8,3 млрд. теңге сомасына (Есіл ауданында 797,8 млн. теңге сомасына "Ново-Приречное"ЖШС 1 астық қоймасы іске асырылды).
Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2021 жылғы 7 ай ішінде 78,7 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңіне 117,7%.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 51,0%, сүт – 17,0%, астық өңдеу – 10,0%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3,0%, өзге салалар–19,0% алады.
Осы кәсіпорындар мен цехтар табиғи түрде 47,1 мың тонна ет өндірді, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,1% - ға ұлғайды, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 1,6 мың тоннаны құрады, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,6% - ға ұлғайды.
Ет өңдеуші кәсіпорындарының жүктелімі орта есеппен 80,7% - ды құрады (2020 жылы – 74,7%).
Сүтті қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 14,9 мың тоннаны құрады, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ға төмендеуі ("Агример Астық" ЖШС - тапсырыстардың азаюына байланысты, "Сочинское" ЖШС - шикізаттың жоқтығынан, "Атбасар майы" ЖШС-шикізаттың жоқтығынан, қаржылық қиындықтардан, "Еңбек - 1" ЖШС-өндірісті тоқтатты (қазіргі уақытта өндіру тиімсіз), "Қазгер Құс" ЖШС-жөндеу жұмыстарына байланысты өндіріс тоқтатылды).
Майлы дақылдарды өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтар жүктелімі орта есеппен 54,8% – ды құрады (2020 жылы-61,4%).
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 113,7 мың тонна өндірілді немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,1% - ға төмендеуі ("Аймак Трейд" ЖШС - шикізат (астық) құнының жоғары болуына байланысты, "Мелихан" ЖК басшының ауысуы себебінен өндірісті тоқтатты, "Атбасар Грейн" ЖШС - жөндеу жұмыстарына байланысты өндіріс тоқтатылды, "Халал Астық" ЖШС және "Иман 777" ЖШС - шикізат (астық) құнының жоғары болуына байланысты, қаржылық қиындықтар, "MK RAMADAN" ЖШС - қаржылық қиындықтар, "МК Агропродукт" ЖШС - шикізаттың болмауына байланысты).
Ұн өндірісі бойынша кәсіпорындардың жүктелімі 24,5% -ды құрады (2020 жылы – 24,8%).
Нұр-Сұлтан қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту
Азық-түлік белдеуін дамыту аясында облыстың барлық 17 ауданы кіретін 300 шақырымдық аймақ анықталды.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен облыстың 128 кәсіпорны айналысады, оның ішінде 68 – мал шаруашылығы өнімі (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6 - құс шаруашылығы (құс еті, тағамдық жұмыртқа), 54 - өсімдік шаруашылығы өнімі (ұн, картоп, көкөністер, өсімдік майы).
Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйіне, 10 сауда орталықтарына өз өнімдерін жеткізуді жүзеге асырады.
Сонымен қатар «Ақмол» дүкендерінің желісі жұмыс істейді, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т. б. сияқты облыстың ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін өткізуде.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері (2021 жылғы 06 тамызға жағдай бойынша) елорда нарығына 82,2 мың тонна сүт өнімдерін (2020 жылдың тиісті кезеңіне 0,6% - ға өсті), 16,8 мың тонна ет және ет өнімдерін (1,8% - ға өсті), 154,9 млн.дана жұмыртқа (8,8% - ға төмендеуі) жеткізді.