Бірыңғай қабылдау күні аясында 2021 жылғы 30 шілдеде облыс әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімова азаматтарды жеке қабылдады. Азаматтар мүмкіндігі шектеулі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ оқуға грант беру мәселелері бойынша жүгінді. Қабылдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
