Экономика
2021 жылдың қаңтар-маусым аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 125 350,8 млн.теңгені құрады (НКИ – 112,6%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1 100,0 млн. теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 124 187,6 млн. теңге (НКИ – 112,7%).
Агроөнеркәсіптік сектордың жай –күйі
-өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,2 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ қолжетімділігін арттыруға – 9 757,5 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 4 171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға – 1 290,0 млн. теңге).
-мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: асыл тұқымды мал шаруашылығын, сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын субсидиялау 2021 жылы көрсетілген бағдарламалардың іске асыруына 5,4 млрд. теңге бөлінді.
-инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 13,0 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 11990,0 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға – 697,8 млн. теңге, қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру – 300,0 млн. теңге).
-қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 5,6 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 196,7 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 5399,4 млн. теңге).
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға 60,0 млн. теңге бөлінді (микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру – 50,0 млн. теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау-10,0 млн. теңге).
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы облыс 5044,7 мың га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын жаздық себуді жүргізді, оның ішінде: дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар 4562,7 мың га алаңда орналастырылды, майлы дақылдар – 266,5 мың га, жүгеріні есепке алғандағы жемшөп дақылдары - 191,4 мың га.
Халықты есепке ала отырып, картоп 20,6 мың га алаңда және көкөніс - 3,5 мың га алқапта отырғызылды.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2021 жылғы қаңтар - маусым айларында АШТӨ барлығы 37,6 млрд. теңге сомасына 1434 бірлік техника сатып алды:
- астық жинау комбайндары – 137 бірлік;
- тракторлар – 326 бірлік;
- тұқым септкіштер – 186 бірлік;
- егіс кешендері – 79 бірлік;
- өзге де техникалар - 706 бірлік.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жұмыстары жалғасуда.
Мал шаруашылығы
Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2021 жылғы 1 шілдеге жағдай бойынша 538,7 мың басты құрайды (2020 жылдың сәйкес кезеңіне 103,2%), оның ішінде сиыр басы –232,6 мың бас (103,0%).
Жылқы басы 248,4 мың басты (107,6%), құс – 9739,9 мың басты (126,4%) құрады.
Қой мен ешкі басы 726,5 мың басты (103,5%), шошқа 127,6 мың басты (94,2%) құрады.
Облыста 96,1 мың тонна (128,3%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 196,5 мың тонна (101,5%), жұмыртқа –378,0 млн.дана (88,2%) өндірілді.
Фермаларды құру
Етті мал шаруашылығын одан әрі дамыту шеңберінде 2021 жылы облыста 5,9 мың бас етті ірі қара мал сатып ала отырып, 112 ферма құру бойынша жол картасы әзірленді. Бүгінгі таңда 2 047 басқа 33 ферма құрылды (Ақкөл – 200 басқа 1 ферма, Аршалы – 43 басқа 2 ферма, Атбасар – 84 басқа 3 ферма, Бурабай – 26 басқа 1 ферма, Біржан сал – 37 басқа 1 ферма, Бұланды – 57 басқа 1 ферма, Ерейментау – 536 басқа 6 ферма, Егіндікөл – 25 басқа 1 ферма, Есіл – 60 басқа 1 ферма, Жарқайын – 70 басқа 1 ферма, Жақсы – 30 басқа 1 ферма, Зеренді – 98 басқа 3 ферма, Қорғалжын - 20 басқа 1 ферма, Сандықтау – 408 басқа 6 ферма, Шортанды – 200 басқа 2 ферма, Степногорск қ. – 153 басқа 2 ферма).
Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында ағымдағы жылы 4,1 мың бас сатып алумен 19 СТФ құру жоспарланған, бұл ретте 911 басқа 7 ферма құрылды (Аршалы – қолданыстағы ферманы 33 басқа кеңейту, Ақкөл – 40 басқа 1 ферма, Зеренді – 90 басқа 1 ферма, Сандықтау – 100 басқа 1 ферма, Атбасар – 300 басқа 1 ферма, Бурабай – 348 басқа 2 ферма).
Азық-түлік белдеуі шеңберінде
Нұр-Сұлтан қ.төңірегіндегі азық-түлік белдеуі бойынша 2021 жылы жалпы сомасы 41,7 млрд. теңгеге 50 жоба іске асырылу жоспарлануда, 12,6 млрд. теңгеге 10 жоба іске асырылған (209 жұмыс орны құрылды):
-13 - сүтті мал шаруашылығы бойынша 11,6 млрд. теңге сомасына (Ақкөл ауданында "Ақкөл АГРО" ЖШС 400,0 млн. теңге сомасына іске асырылды);
-13 – етті мал шаруашылығы бойынша 1,8 млрд. теңге сомасына (5 ет фермасы асырылды: Ақкөл ауданында 85,0 млн. теңге сомасына- "К и Бим" ЖШС, Зеренді ауданында 40,0 млн. теңге сомасына - "Бекас" ЖШС, Сандықтау ауданында 30,0 млн. теңге сомасына- "Ақ жол 2014" ӘКК», Ерейментау ауданында - 108,0 млн. теңге сомасына "Серноводск" ЖШС, Жақсы ауданында-42,0 млн. теңге сомасына "Виктор" ЖШС);
-2 - құс шаруашылығын дамыту бойынша 11,2 млрд. теңге сомасына (Аршалы ауданында 11,0 млрд. теңге сомасына "Ақ-дала Агро" ЖШС құс фабрикасы іске асырылды»);
-8 – АШ өнімдерін қайта өңдеу бойынша 7,1 млрд. теңге сомасына (Көкшетау қаласында 60,0 млн. теңге сомасына "Гормолзавод" ЖШС жобасы жүзеге асырылды);
-10 - астық қоймалары мен картоп сақтау қоймаларын салу бойынша 8,3 млрд. теңге сомасына (Есіл ауданында 797,8 млн. теңге сомасына "Ново-Приречное"ЖШС 1 астық қоймасы іске асырылды).
Қайта өңдеу
Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2021 жылғы 6 ай ішінде 66,1 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңіне 115,3%.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 51,6%, сүт – 15,5%, астық өңдеу – 10,9%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3,3%, өзге салалар–18,7% алады.
Етті қайта өңдеу
Осы кәсіпорындар мен цехтар табиғи түрде 40,5 мың тонна ет өндірді, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,1% - ға ұлғайды, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 1,4 мың тоннаны құрады, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,8% - ға ұлғайды.
Ет өңдеуші кәсіпорындарының жүктелімі орта есеппен 80,9% - ды құрады (2020 жылы - 75,3%).
Сүтті қайта өңдеу
Майлы дақылдарды қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 13,3 мың тоннаны құрады, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға төмендеуі ("Агример Астық" ЖШС - тапсырыстардың азаюына байланысты, "Сочинское" ЖШС - шикізаттың жоқтығынан, "Атбасар майы" ЖШС-шикізаттың жоқтығынан, қаржылық қиындықтардан, "Еңбек - 1" ЖШС-өндірісті тоқтатты (қазіргі уақытта өндіру тиімсіз), "Қазгер Құс" ЖШС-жөндеу жұмыстарына байланысты өндіріс тоқтатылды).
Майлы дақылдарды өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтар жүктелімі орта есеппен 54,1% – ды құрады (2020 жылы-62,6%).
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 104,4 мың тонна өндірілді немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4% - ға өсті ("Аймақ Трейд" ЖШС шикізат (астық) құнының жоғары болуына байланысты, "Мелихан" ЖК басшысының ауысуы себебінен өндірісті тоқтатты, "Атбасар Грейн" ЖШС жөндеу жұмыстарына байланысты өндірісті тоқтатты).
Нұр-Сұлтан қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту
Азық-түлік белдеуін дамыту аясында облыстың барлық 17 ауданы кіретін 300 шақырымдық аймақ анықталды.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен облыстың 128 кәсіпорны айналысады, оның ішінде 68 – мал шаруашылығы өнімі (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6 - құс шаруашылығы (құс еті, тағамдық жұмыртқа), 54 - өсімдік шаруашылығы өнімі (ұн, картоп, көкөністер, өсімдік майы).
Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйіне, 10 сауда орталықтарына өз өнімдерін жеткізуді жүзеге асырады.
Сонымен қатар «Ақмол» дүкендерінің желісі жұмыс істейді, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т. б. сияқты облыстың ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін өткізуде.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері (2021 жылғы 16 шілдеге жағдай бойынша) елорда нарығына 70,0 мың тонна сүт өнімдерін (2020 жылдың тиісті кезеңіне 0,8% - ға өсті), 14,6 мың тонна ет және ет өнімдерін (2,1% - ға өсті), 139,7 млн.дана жұмыртқа (5,4% - ға төмендеуі) жеткізді.