Агенттік 2020 жылдың қараша айында интернет басылым ретінде жұмысын бастады.
Сол уақыттан бері агенттіктің сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында 6000-ға жуық жедел ақпараттық хабарлар, сараптамалық, танымдық мазмұндағы мақалалар, фото және бейне репортаждар, мәтіндік және аудио-визуалды сұхбаттар, әлеуметтік бейнероликтер материал жарияланды.
«Көкше-контент» ақпарат агенттігі — Ақмола облысындағы жергілікті бұқаралық ақпарат көзі болғандықтан, агенттік сайтында негізінен өңір тынысы, оның мәдениеті, әлеуметтік ахуалы мен қоғамдық-саяси үрдістері т.б. көрініс тапқан. Сайт редакциясы жұмысының негізгі мақсаты да сонымен айқындалады.
Сондай-ақ сайт беттерінде Көкшетау өңірінің мәдениетін айшықтайтын аудио және бейне материалдар жарияланған.
Сайт редакциясының құрамында 1 редактор, 2 журналист, 2 бейнеоператор, 1 бейнеинженер бар. Редакция техникалық тұрғыдан толығымен қамтамасыз етілген.
«Көкше-контент» ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің №KZ23VPY00027648 куәлігімен есепке алынған.
Меншік иесі: Мерген Тоқсанбай
Ақпарат агенттігінің директоры: Тоқсанбай Мерген Көшербайұлы
Мекенжайы: www.kokshe-kontent.kz.