(2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша)
|
№ р/б |
Іс-шара |
Орындау мерзімі |
Орындаушылар |
Орындалуы |
|
Көкшетау қаласы |
||||
|
1. |
РК-1 газ-мазутты қазанның реконструкциялануын аяқтау
|
2021 жылғы 1 қазанға дейін |
«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ
«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ
|
Орындалуда. РК-1-де газ-мазут қазандығын реконструкциялауға «Crystal Construction Group» ЖШС мердігерлік ұйымымен жалпы сомасы 757,5 млн. теңгеге шарт жасалды. Бүгінгі таңда 15 м үшін 10,5 м негіз дайындалды, бұранда кескіштің биіктігі 0,5. Қазандықты құрастыру үшін материалдар әкелінуде, колонналар толық көлемде салынды, металл конструкцияларын монтаждау, жанарғыларды монтаждау аяқталды, кері клапан, реттеуші және дискілі ысырма, түтін сорғылар әкелінді. Металл 100% сатып алынды. Электрмен жабдықтау үшін материалдар, түтін сорғыштар сатып алынды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 100% аяқталды. Шарт бойынша жұмыстардың аяқталу мерзімі 30.07.2021 жылы, қосымша келісім жасалды.
|
|
2. |
Абай-Тәшенов-Әуелбеков-Пушкин көшелері бойынша аула аумақтарына күрделі жөндеу жүргізу
|
2021 жылғы 1 қарашаға дейін |
«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ
|
Орындалуда. «Көкшетауавтодор» ЖШС-мен Абай-Тәшенов-Әуелбеков-Пушкин көшесіндегі аула аумақтарын күрделі жөндеу үшін жалпы
|
|
Степногорск қаласы |
||||
|
3. |
Бестөбе кентінде кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізу (ұзындығы 1,5 км, Қ.Сәтбаев, Бөгенбай көшелері). |
2021 жылғы 1 қарашаға дейін |
«Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ
|
Орындалуда. Осы жоба бойынша 47,1 млн.теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу өткізілді. Мердігер «Армстрой LTD» ЖШС анықталды. Жолды орташа жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. Жұмыстың аяқталу мерзімі - 2021 жылдын тамызы айында.
|
|
Ақкөл ауданы |
||||
|
4. |
Ақкөл қаласында 45 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй құрылысын аяқтау |
2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ
«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ
|
Орындалуда. 2020 жылғы 12 тамызда Ақкөл қаласында 45 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй құрылысына «НИКС Инжиниринг групп ИВ» ЖШС-мен шарт жасалды, жобаның жалпы құны -421,4 млн.теңге. Іргетастың құрылысы және жертөлені плиталарымен жабу аяқталды. Бірінші қабаттың сыртқы және ішкі қабырғаларына кірпіш қалау жүргізілуде.
|
|
Астрахан ауданы |
||||
|
5. |
Каменка ауылы Каменка орта мектебінің шатырын реконструкциялауды аяқтау |
2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін
|
«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ
|
Орындалуда. Каменка орта мектебі ғимаратының шатырсыз төбесін шатырлыға реконструкциялау жүргізуге конкурстық рәсімдер өткізілді. Жеңімпаз «Байсын-А» ЖШС, шарт бойынша сомасы 59,7 млн.теңге, жұмыс орындау мерзімі шарт Қазынашылық органдарында тіркелген күннен бастап 3 ай ішінде. Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыстар жүргізілуде, құрылыс материалдары әкелінді.
|
|
Атбасар ауданы |
||||
|
6. |
Атбасар қаласында қан орталығының ғимаратын медицина қызметкерлері үшін тұрғын үйге реконструкциялауды аяқтау
|
2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін |
«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ
|
Орындалуда. 2021 жылдың 8 ақпанында құрылыс-монтаждау жұмыстарына (ҚМЖ) конкурстар өткізілді, жеңімпаз болып «SCS Инжиниринг» ЖШС анықталды. 2021 жылдың 23 ақпанында «SCS Инжиниринг» ЖШС-мен ҚМЖ жүргізуге 163 млн.639 мың теңге сомасына шарт жасалды. 2021 жылғы 28 маусымдағы жағдай бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді: аралықтардың, инженерлік желілердің ішін бөлшектеу, 3 қабатта 5 терезе ойықтары салынды, 1, 2 және 3 қабатта терезе блоктары орнатылды, жұмсақ шатыр бойынша жұмыстар жүргізілді, сумен жабдықтау және кәрізді жылыту инженерлік желілері бойынша жұмыстар аяқталды. Ғимараттың қасбетін металл сайдингпен қаптау жұмыстары, 2 және 3 қабаттарда ішкі қабырғалар мен аралықтарды қалау жұмыстары жүргізілуде.
|
|
Ерейментау ауданы |
||||
|
7. |
Ерейментау қаласында Кенесары Қасымов, Жантай батыр, Бөгенбай батыр, Желтоқсан, Локомотивная көшелері бойынша жарықтандыру орнатуды аяқтау
|
2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
«Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» ММ
|
Орындалуда. 2021 жылғы 3 ақпанда «Энерджи-Тараз» ЖШС-мен 91,8 млн. теңгеге (ҚҚС-пен) шарт жасалды. 2021 жылғы 17 наурызда облыстық бюджеттен 53,2 млн. теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр көшесінде жұмыстар жүріп жатыр.
|
|
8. |
Ерейментау қ. №5 қазандықты және магистральды жылу тораптарын реконструкциялауды аяқтау |
2021 жылғы 1 қазанға дейін |
«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ
|
Орындалуда. Ағымдағы жылы Ерейментау қаласында №5 қазандықты және магистралдық жылу желілерін реконструкциялауды аяқтау үшін «KHS Company Group» ЖШС-мен на сумму 126,5 млн. теңгеге келісім жасалды. Бүгінгі таңда негізгі тетіктері жеткізілді: сұзгіштер (фильтрлер), КБҚ (күштік басқару қалқаны). Қажетті құбырлар жеткізілді. Металлконструкцияларды монтаждау, қазанды айналдыра қаптау, газ жолдарын монтаждау жүргізілуде. Барлық жұмыстарды 2021-2022 жж. жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.
|
|
Есіл ауданы |
||||
|
9. |
Курское а. орта мектепті күрделі жөндеуді аяқтау |
2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін
|
«Ақмола облысының білім басқармасы» ММ
|
Орындалуда. Курск ауылындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 251 млн. теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары 2021 жылғы 1 маусымда басталды. Орындалған жұмыс көлемі 47% құрайды.
|
|
Зеренді ауданы |
||||
|
10. |
Алексеевка кентінде су құбырының тораптарын реконструкциялауды аяқтау |
2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін |
«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
Орындалуда. Алексеевка кентінде су құбыры желілерін қайта жаңартуға жалпы сомасы 361 млн.мың қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 297 млн.тенге, облыстық бюджеттен 63 млн. теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін «Зеренді ауданының құрылыс бөлімі» ММ «МОНОЛИТ» ЖШС жалпы сомасы 319, 2 млн. теңгеге шарт жасасты. Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша резервуарлардан елді мекенге дейін су құбыры желісінің магистральдық желісін тарту бойынша жұмыстар жүргізілді, кентте тарату желісін тарту бойынша жұмыстар басталды. Барлығы 1 км су құбыры желісі салынды. 10 құдық орнатылды.
|
|
11. |
«Викторовка-Исаковка» автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жүргізу |
2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін |
«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ
|
Орындалуда. «Викторовка – Исаковка» автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен 100,5 млн. мың теңге сомасында қаржы бөлінді. «Зеренді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, пасажир көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ өткізілген конкурстық рәсімдер қорытындысы бойынша Жолдыков жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 52,1 млн. мың теңгеге шарт жасалды. Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша дайындық жұмыстары және техниканы жұмылдыру жүргізілуде.
|