Көкшетау қаласында семинар-кеңес өтті

2021 жылғы 22 маусымда Көкшетау қаласында ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауды дайындау және өткізу шеңберінде Ақмола облысының аумақтық сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар дәрістер, практикалық сабақтар, іскерлік ойындар және семинарға қатысушыларды тестілеу түрінде өткізілді.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықов, ҚР ОСК аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Мейрамбек Қаныбеков, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының басшылары, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастыруға тартылған мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Семинарда Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасындағы жаңалықтар, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдерін сайлау кезеңінде аумақтық сайлау комиссияларының мемлекеттік органдармен жұмыс істеу алгоритмі қаралды.

Ауыл деңгейіндегі әкімдерді сайлауды ұйымдастыру және өткізу аспектілері, сондай-ақ сайлау комиссияларын ақпараттық және құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ақмола облысының аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері баяндама жасады.

 

Облыстық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
30 июня 2021