Өңірдің партисипаторлық жер пайдалану туралы ақпарат

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы жіне жер қатынастары басқармасының және Ақмола облысы әкімдігінің сайттарында ай сайынғы негізде жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар, жер учаскесін беру негіздерін, нысаналы мақсатын, алаңын, орналасқан жерін, құқық түрін, жалға алу мерзімін көрсете отырып ақпарат орналастырылады.

«Қолжетімді жер» бөлімінде бос жер учаскелері туралы ақпарат орналастырылады.

Бұдан басқа, облыс әкімдігінің сайтында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың тізімі туралы ақпарат, өтініштердің үлгілері, сондай-ақ ҚР Жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша ақпарат бар.

 

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының сайтында:

* жер қатынастары саласындағы заңнамалық және заңға тәуелді актілер, НҚА жобалары;

* мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат (ережелер, есептер, қорытындылар және талдамалық анықтамалар);

* сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы өткізу жоспарланып отырған бос жер учаскелері туралы ақпарат;

* ҚР қолданыстағы жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша ақпарат;

* ЖТҚ үшін Кезекте тұрғандардың тізімі;

* пайдалы ақпарат (түсіндірме сипаттағы мақалалар);

* Ақмола облысы бойынша статистикалық деректер;

* сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сенім телефоны және т. б.

Жаңалықтар лентасы ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес өзекті салалық ақпаратпен жаңартылады.

Оқиғалар күнтізбесі тұрақты негізде жаңартылады (отырыстар, кеңестер, жергілікті телеарналардың берілуіне қатысу және т.б.).

ҚР Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес, жер комиссиясының отырысы міндетті түрде    аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеледі. Облыстық жер комиссиясының отырысы облыс әкімдігінің МО ИРБП-да «жер қатынастары» бөлімінде таратылады.

Ескертпе: Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

ҚР Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес, жер учаскелері облыс, аудан және қала әкімдіктері жанынан құрылатын жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде беріледі. Жер комиссиясының құрамын әкімдіктер қалыптастырады және мәслихаттар бекітеді. Жер комиссиясының құрамына: жергілікті өкілді органның депутаттары кіреді; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының, тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері; қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері; Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес берілген жағдайда, аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейінде құрылатын жер комиссияларының құрамына жер учаскесі аумағында орналасқан аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі;  жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген, тиісті аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті халық өкілдері де кіреді.

Жер комиссиясы тұрақты негізде жұмыс істейді. Жер комиссиясы мүшелерінің саны тақ болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс.

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 июня 2021