Әлеуметтік сауалнама жүргізу барысында, респонденттерге ең алдымен, олардың «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметімен, оның ішінде сервистік (ашық) әкімдіктердің жұмыс істеуі, ашық форматта (open space, фронт-офистер, т.б.) мемлекеттік қызметтер көрсетумен білуін анықтау ұсынылды.
4-тоқсанның қорытындысы бойынша сауалнамаға шамамен 1000 респондент қатысты. Сауалнама облыс тұрғындарының «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларды айқындау туралы хабардар болуы қамтылды.
Алынған нәтижелерге сәйкес, тұрғындардың 31,2%-ы жобалық кеңсенің қызметімен таныс, респонденттердің 43,5%-ы естіді, бірақ өтініш білдірмеген және 25,3%-ы жобалық кеңсе туралы алғаш рет естігені анықталды.