Облыс әкімінің орынбасары М.С. Тәткеевтің «Nur Otan» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында «Ақмола облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмыстың ахуалы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың 2015-2025 жылдарға арналған партия бағдарламасын орындау барысы туралы» тақырыпқа сөз сөйлеуі
18.09.2020, сағ.11:00
Құрметті Омархан Нұртайұлы!
Құрметті кеңес мүшелері!
Қазақстан Республикасының 2015 (екі мың он бесінші) – 2025 (екі мың жиырма бесінші) жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл партиялық бағдарламаны орындау үшін, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында партияның басшылығымен айтарлықтай жұмыс жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 900-ден астам іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде: ағартушылық және ғылыми партиялық іс-шаралар – 310, мәдени-бұқаралық және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау саласында – 390, әлеуметтік желілерде, сонымен қатар «Antikor.Live» жобасының аясында тікелей эфир – 210.
Жалпы, облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша 15 (он бестен) астам жоба жүзеге асырылуда.
Анықтама: «Ақмола - адалдық алаңы», Адал көмек, Сапалы жол, Адал жол, Саналы Ұрпақ, Адал Ұрпақ, Ашық бюджеттердің интерактивті картасы, Бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу және инвестициялар, Адалдық елшісі, парасаттылық мектептері және басқалары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту үшін, білім беру ортасында парасаттылықтың 589 мектебі (жалпы білім беретін мектептерде – 552, техникалық және кәсібі білім беру мекемелерінде – 33, ЖОО - 4), «Адал Ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» мектеп және студенттік ерікті клубтар (200 мыңнан астам оқушы) жұмыс істейді.
Облыста сыртқы led экрандарда 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер, "билборд" үлгісіндегі 73 жарнамалық құрылым, 2 мурал орнатылды.
Республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 2820 материал, оның ішінде: теледидарда 130 сюжет, мерзімдік басылымдарда
230 жарияланым, ақпараттық агенттіктердің платформаларында 1513 мақала, әлеуметтік желілерді
1350 жарияланым жарияланды.
Ағымдағы жылы Ақмола облысының аумағын дамытудың 2021 (екі мың жиырма бірінші) – 2025 (екі мың жиырма бесінші) жылдарға арналған бағдарламасының жобасына нысаналы индикатор – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениет қалыптастыру қосылды, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын нығайту, оған қол жеткізудің нәтижесі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұшыраған мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жүргізілді.
Жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді, Өңірлік геоақпараттық жүйе (ӨГАЖ) құрылды, ол жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларындағы мемлекеттік қызметтерді қамтиды.
Мемлекеттік органдармен ашық бюджеттердің интерактивті картасында бюджет қаражатын шығындау, игерудің мәртебесі туралы ақпарат орналастырылды.
Электрондық мемлекеттік сатып алу енгізілді, сатып алудың негізгі рәсімдері автоматтандырылды, нәтижесінде адамның қатысу факторы қысқартылды.
Білім беру саласында, «Балаларды мектепке қабылдауды автоматтандыру» электрондық қызметі арқылы мектептердің бірінші сыныптарына 13 003 бала қабылданды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында, Көкшетау қаласы бойынша Е-ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) қосымшасы іске қосылды, онда 588 көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету арқылы кондоминиум объектілерінің 77 органы тіркелді.
Облыстың орталық мемлекеттік органдардың сыртқы ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жүргізуінің (интеграциялау) платформасы құрылды. Қазіргі уақытта, жүйе ақпараттық қауіпсіздікке аттестаттаудан өткізілуде.
Құрылыс процестерінің және объект құрылысының сапасын бақылау саласындағы ашықтықты күшейту мақсатында, облыс аумағында «е-Qurylys» жобасы жұмыс істейді.
Анықтама. Жобамен МСҚБ органдарын, халықты әлеуметтік қорғау, өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерді және басқа да мүдделі органдарды қосу, қағаз түріндегі құжат айналымын азайту және түзету мүмкіндігінсіз ақпараттық деректерді сақтау мүмкіндігімен барлық құрылыс қатысушылары үшін бірыңғай цифрлық алаң құру қарастырылады.
«Ақмола адалдық алаңы» жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда маңызды рөл атқарады. Ағымдағы жылғы ақпанда «ANTIKOR ORTALYGY» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервис орталығында «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық офисі кондоминиум объектілерінің басқару органдарының төрағаларымен кездесу өткізді, онда ПИК-тердің (пәтер иелері кооперативтерінің) әкімдіктермен тиімді өзара іс-қимыл жасауының мәселелері талқыланды.
Осы мәселе бойынша жобалық офистің ұсынымдары орталық мемлекеттік органдардың қарауында.
Елде енгізілген төтенше жағдай кезеңінде, ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап 11 мамыр аралығында бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті «Жас Отан» жастар қанатының, жобалық офистің қатысуымен жұмыс тобын құрды, ол халықтың әлеуметтік маңызды мәселелері, сонымен қатар азық-түлік тауарларына баға құрастырылуының, студент жатақханаларының жағдайы, автомобиль жолдары және тағы басқа да мәселелер бойынша мониторинг жүргізеді.
Анықтама: дәріханаларда мониторинг жүргізу кезінде, жұмыс тобымен бағаны көтерудің фактісі бойынша 400-ден астам хабарлама енгізілді, сонымен қатар құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Жұмыс нәтижесі бойынша нан бағасы төмендетілді: «CRUMBLE» ЖШС – 95 теңгеден 78 теңгеге дейін; «Көкше-нан» ЖШС – 95 теңгеден 80 теңгеге дейін; «Көкшетау нан зауыты» ЖШС – 95 теңгеден 80 теңгеге дейін; «ХБК «Ақсай-нан» ЖШС – 77 теңгеден 75 теңгеге дейін.
Сонымен қатар, «Гормолзавод» ЖШС ТЖ кезеңінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны 5% төмендетті.
Студент жатақханаларына жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша ұсынымдар берілді, олар «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кеңесінде қаралды.
Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жұмысы жүргізіледі.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті кәсіпкерлермен 28 келісімге қол қойды, 59 инвестициялық жобаны сүйемелдеу жүргізілуде.
Анықтама: «TEMIR BARLAU» ЖШС, «Ақсай нан» ЖШС, «ARMANDAS.STAR» ЖШС, «Агро КЗ 2017» ЖШС, "Milk Project" ЖШС, "Экосервис Бурабай" ЖШС, "Сакенов Б.Д." ЖК, "Парус" ЖК, «Astana Nan Chemicals» ЖШС, «Biotron Grouр» ЖШС, "Aurora Garden" ЦСО, "Берекет 2050" ЖШС, "Жақсылық Агро" ЖШС, "Алтын Күн-Qaz" ЖШС, «АрманТай СК» ЖШС, «MURTUK-2017» ЖШС, "Мапалхан" ЖК, "Умаров" ЖК, "МК Агропродукт" ЖШС, "Каззерком" ЖШС келісімге қол қойылды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерттеу мақсатында, жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жүйелі негізде жүргізіледі.
2019 жылы 98 ішкі талдау өткізілді, 129 ұсыным енгізілді, 2020 жылғы 8 айда – 56 ішкі талдау, 112 ұйғарым.
Өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 20 сыртқы талдау жүргізілді (3 талдау бастамашыл өтініштердің негізінде жүргізілді, Агенттіктің тапсырмасы бойынша – 17), ағымдағы жылы – 3.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың 78 ұйымында ішкі талдаудың мүлдем жүргізілмегені анықталды.
Талдау жүргізуге немқұрайлы көзқарасқа байланысты, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, тәртіптік жауапкершілікке 66 мемлекеттік қызметші тартылды, «ескерту» түрінде - 55, «сөгіс» жарияланды –3, қызметінен босатылды – 8.
Жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, мемлекеттік қызметшілердің тарапынан әлі де болса жемқорлық фактілері орын алуда.
Атап айтқанда, облыс бойынша 2019 жылы қылмыстық жемқорлық заң бұзушылықтың 167 оқиғасы тіркелді (2020 жылғы 3 айда – 70), оны жасағаны үшін 97 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды (2020 жылғы 3 айда – 22).
Мемлекеттік қызметшілермен заңнаманы бұзушылық, тек сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен шектеліп қоймай, тәртіптік, әдептік, сонымен қатар мемлекеттік қызметті әшкерейтін қылықтармен көрініс беруде.
Атап айтқанда, 2019 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке 8 мемлекеттік қызметші тартылды, 2020 жылғы 6 айда – 8.
Ағымдағы жылғы 3-15 тамыз аралығында «Nur Otan» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жұмыс тобымен 2018, 2019 жылдары және 2020 жылдың өткен кезеңінде облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмысының ахуалына тексеру жүргізілді.
Жұмыс тобы тексеруінің қорытындысы бойынша аталған жұмысты жетілдіруге қатысты бірқатар ұсынымдар енгізілді.
Облыс әкімдігімен ұсынымдар жұмыста басшылыққа алу үшін қабылданды.
Мысалы, аудандар мен қалалардың әкімдіктері және облыстық басқармалары өздері және өзінің қызмет ерекшелігіне қарай, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын іске асыру және Ақмола облысында көлеңкелі экономикаға қарсы тұру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеп бекіту ұсынылды.
Бұл тапсырма 2020 жылғы 7 тамызда Орталық партия аппараты Партиялық бақылау қызметі инспекторының қатысуымен өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылған болатын, сондай-ақ ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейінгі орындалу мерзімімен хаттамада бекітілді.
Алға қойылған міндеттерді орындау үшін, өңірде барлық жағдай жасалған.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және бақылауда.
Назарларыңызға рахмет!