Ақмола облыстық мәслихаты депутатының мандатын беру және
А.Т. Ошақбаевты мәслихат депутаты ретінде тіркелу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 111-1-бабының 6-тармағына сәйкес және «Nur Otan» партиясы Ақмола өңірлік филиалы Саяси кеңесі Бюросының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 036-PQ қаулысы негізінде облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Мәслихат депутаты А.Д. Жақсылықов өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты мандат Әбілқайыр Тілеуғабылұлы Ошақбаевқа берілсін.
- Ақмола облыстық мәслихатының депутаты ретінде 1966 жылы туған, қазақ, «Қоржынкөл-А» ЖШС бас директоры, Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылында тұратын Ошақбаев Әбілқайыр Тілеуғабылұлы тіркелсін және оған куәлік пен төсбелгі тапсырылсын.
- Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А.Т. Ошақбаевтың тіркелгені туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Сайлау комиссиясының
төрағасы М. Садуов
Сайлау комиссиясының
хатшысы Н. Политкин