Бірыңғай қабылдау күні аясында азаматтарды қабылдау өткізілді

Бірыңғай қабылдау күні аясында 2021 жылғы 30 сәуірде облыс әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімова бала құқықтарын қорғау, білім беру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның қызметі, денсаулық сақтау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.

Жеке қабылдауға Білім беру, Денсаулық сақтау басқармаларының, «Шанс» кәмелетке толмаған тұлғаларды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының өкілдері қатысты.

Жеке қабылдау қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Дата публикации
30 апреля 2021