Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 77-тармағын басшылыққа ала отырып, Ақмола облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру және аумақтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылғы 31 наурызда өткізілген ішкі аудит нәтижелері туралы есепті қарау қорытындылары бойынша
ТАПСЫРМА БЕРЕМІН:
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабындағы 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік аудит объектісі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпаратты, растайтын құжаттарды қоса бере отырып көрсетілген мерзімдерде жіберуге міндетті.
Осы бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарау туралы шешімнің (өкімнің) орындалуын бақылау ішкі аудит қызметінің бас инспекторы-мемлекеттік аудитор А.Т. Нұрсейітоваға жүктелсін.
Қосымша: Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп 3 парақта.
Ақмола облысы
әкімнің орынбасары М. Тәткеев