2021 жылғы 31 наурыздағы ішкі аудит нәтижелері туралы есеп

 

Көкшетау қаласы                                                                                                                 2021 жылғы 31 наурыз

  1. Мемлекеттік аудит объектісі: Ақмола облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру және аумақтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша – Мекеме), БСН 990740001106.

Ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты (мәні): 

Ақмола облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру және аумақтық қорғаныс басқармасы» КММ 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №260 мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталуы бойынша қызметіне мемлекеттік аудит жүргізу.

  1. Ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жыл (қажет болған жағдайда басқа кезеңдер).
  2. Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері:

Тексерілетін кезеңде мемлекеттік аудитпен 3 333,0 мың теңге қамтылды. Аудитпен анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы 3 333,0 мың теңге, 3 333,0 мың теңге өтелуге жатады.  

Өнім берушімен жасалған шарттың талаптарына сәйкес, Өнім беруші Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаларында көрсетілген талаптар мен бағаларына, шарттарына сәйкес Тауарды жеткізуді, ал Тапсырыс беруші Тауарды қабылдап алуды және Шарт бойынша Өнім беруші: 012-015-413 Дала ас бөлмесі, 3 данада 130 адамға арналған жинақтағы жалғанатын ерекшелігі бойынша өзінің міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда төлем жүргізуді міндетіне алады.

Жоғарыда көрсетілген шарттың талаптарымен аванс төлеу қарастырылмайды, Шарттың 3.3-тармағына сәйкес «тауарды беру актісін бекіткеннен кейін, өнім беруші электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жазып берген шот-фактураны қабылдау, осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлем жүргізу» 6.1-тармағына сәйкес, «Өнім беруші осы Шарт шеңберінде жеткізілетін: жаңа, пайдаланылмаған, зауыттық қаптамадағы, материалдағы және орындаудағы қандай да бір ақаулардан бос, өнеркәсіптік және (немесе) басқа зияткерлік меншікке негізделген үшінші тұлғалардың кез келген құқықтары мен талаптарынан бос нормативтік құжаттардың (МЕМСТ, СТ, ОСТ, ТУ, өнеркәсіптік және (немесе) басқа зияткерлік меншікке негізделген».  

Шарттың талаптарында Тапсырыс беруші тауар жеткізіліміне аванс беруді көздемегендіктен, тауар жеткізілімінің құны тауарды жеткізу және оны Тапсырыс берушіге беру фактісі бойынша ғана төленуі мүмкін. Қоймада тауардың бар-жоғын растау мақсатында мекеменің №2 қоймасында бақылау өлшемін жүргізу үшін Щучинск қаласына шығу жүргізілді.

Нәтижесінде мыналар анықталды: қоймада 236009000141 түгендеу нөмірімен саны 1 дана техникалық құжатсыз және биркасыз жабдық бар. Көзбен шолып қарау барысында аудитке берілген жабдықтың таңбалануын, техникалық параметрлерін және дайындаушы зауытты анықтау мүмкін емес.

Іс жүзінде жоғарыда көрсетілген шарт бойынша 2019 жылы жиынтықта 3 дана 130 адамға арналған далалық ас үй қойылмаған.

Іс жүзінде жоғарыда көрсетілген шарт бойынша 2019 жылы жиынтықта 3 дана 130 адамға арналған далалық ас үй қойылмаған. Сонымен қатар, мекеме Шарт талаптарын бұза отырып, тауарды нақты жеткізбеген кезде 3 333,0 мың теңге сомасында ақша қаражатын аударды.

Жоғарыда көрсетілген фактілер Ақмола облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру және аумақтық қорғаныс басқармасы» КММ тауарына Тапсырыс беруші ақшалай қаражатты аудару кезінде Өнім берушінің тауарды жеткізудің дұрыстығын қамтамасыз етпегенін көрсетеді.

Бюджет кодексінің 4-бабы, 6-тармағын, 97-бабы, 6-тармағын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің 215-тармағы, 6-тармақшасын бұза отырып, мекеме Өнім берушіге ақша қаражаты аударылған күніне нақтылы жеткізілмеген тауарға 3 333,0 мың теңге сомасына тауар құнын негізсіз төлеу жүргізген. 

  1. Ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қорытындылар:

Тұтастай алғанда, мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит объектісі ақша қаражатын аудару күніне іс жүзінде жеткізілмеген тауар құнын өнім берушіге негізсіз төлеу бөлігінде бұзушылықтардың болуына байланысты бюджет қаражатын (активтерді) пайдалану кезінде қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеді деген пікір білдіруге болады.

  1. Ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша ұсынымдар*:

1) Жол берілген бұзушылықтарды жою мақсатында мекемеге 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №260 Мемлекеттік сатып алу шарты бойынша 3 333,0 мың теңге сомасын өтеуді қамтамасыз ету бойынша заңнамада көзделген шараларды қолдануды ұсынамын. 

  1. Қаржылық бақылаудың ден қою шаралары:

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы, 3-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит материалдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментіне жолдансын.

      Аудиторлық қызметті жүргізуге жауапты тұлға ____________________А.Т. Нұрсейітова.

 

      

Дата публикации
29 апреля 2021