«Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы аулын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы жергілікті қоғамдастықтың 2021 жылғы
16 сәуірдегі жиыналысының хаттамасы, Ақмола облысының және Целиноград ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде әзірленді.
Жарлықты қабылдаудың мақсаты Целиноград ауданы Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қаласының мәртебесін берілу болып табылады.
Ұсынылып жатқан әкімшілік-аумақтық өзгерістер Қосшы қаласының индустриалдық дамуына серпін беріп, кіші және орта кәсіпкерліктің дамуына екпін береді.
Аталған қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Кәсіпкерлік кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Үкіметінің Регламенті туралы» қаулысы негізінде әзірленді.
Қаулы жобасын қабылдау нәтижелері жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайларға соқтырмайды.
Болжамалы тиімділігі: тиімді басқару, жедел түрде шешімдер қабылдау, дер кезінде медициналық көмек көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
Шығындар жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен өтеледі.
Жоба «Ашық НҚА» порталында орналастырылды https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8343288.
Ақмола облысының әкімдігі