«Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Ақмола облыстық әкімдігі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді.
Жобада ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесіні бекітуге арналған әкімдіктің құзыретін «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңынан алып тастауға байланысты Ақмола облысы әкімдігінің «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 10 маусымдағы № А-7/269 қаулысының күші жойылды деп тану көзделген.
Жоба «Ашық НҚА» порталында орналастырылды https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=7393556.
Қоғамдық кеңестің ұсынымдары алынды.