Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Ә.Д. Жақсылықовтың уәкілеттілігін тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы, 3-тармағының 1-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Ә.Д. Жақсылықов туралы» Ақмола облысы әкімінің оны Зеренді ауданының әкімі етіп тағайындау туралы 2021 жылғы 9 сәуірдегі №57 ж/қ өкімінің қабылдануына байланысты, Әсен Дулатұлы Жақсылықовтың Ақмола облыстық мәслихаты депутатының уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқтыратын негіздің орын алғандығы айқындалсын.
- Ақмола облыстық мәслихатына депутат Ә.Д. Жақсылықовтың уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.
Сайлау
комиссиясының төрағасы М. Сәдуов
Сайлау
комиссиясының хатшысы Н. Политкин