Бейнебайланыс арқылы жеке қабылдауға тоғыз аудан мен Степногорск қаласының тұрғындары жүгінді. Сұрақтар тұрғын үй құрылысына, жолдарды жөндеуге, тұрғын үй беруге, жедел жәрдеммен тұрғындарды қамтуға қаражат бөлуге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге қатысты болды. Барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер беріліп, жекелеген мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.