Мемлекеттiк органдарда қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуi
Мемлекеттiк органға немесе тiкелей осы органның басшылығына арналған қызметтік құжаттар келiп түскеннен және iс қағаздарын жүргiзу қызметiнде тiркелгеннен кейiн басшылыққа берiледi, басшылық оларды қарайды және олар бойынша тапсырмалар (қарарлар) дайындайды.
Мемлекеттiк органның лауазымды адамы мәселенi өз қарауына алған кезде қойылған мәселенi шешу осы органның немесе осы лауазымды адамның құзыретiне жататынына көз жеткiзуге тиiс.
Құжаттарға мемлекеттiк органның атынан оның басшысы, оны ауыстыратын адам (осы органда белгiленген қызметтiк мiндеттердi бөлуге сәйкес) не осы органның өзге уәкiлеттi лауазымды адамы қол қояды.
Мемлекеттiк органға қайтаруды талап ететiн құжатты жiберу кезiнде оған осы мемлекеттiк органға қайтару қажеттігi туралы белгi қойылады.
Құжаттардың мемлекеттiк органдарда қаралу мерзiмi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, бiр айдан аспауға тиiс.