2020 жылғы 25 желтоқсанда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Мұратұлы Ыдырысов бірыңғай қабылдау күні аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау кезінде азаматтар әлеуметтік аударымдардың дұрыстығы, жұмысқа орналасу, «Еңбек ардагері» мәртебесін беру мәселелерін көтерді. Көкшетау қаласының, Степногорск қаласының тұрғындары жүгінді.