Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика және жылумен жабдықтау объектілерін пайдалану бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.10.2026 - 21.10.2026

Қабылдау 1 этап: 20.10.2026- 21.10.2026

Қабылдау 2 этап: 22.10.2026

Практикалық бағалау: 23.10.2026

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923

             (Лауазымдық    жалақы    нақты    қызметкердің    жұмыс    өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика және жылумен жабдықтау объектілерін пайдалану бөлімінің бас маманы, D-O-4

Функционалдық міндеттері:

Облыстың қалаларында және аудандарында коммуналдық қызметтердің төлеміне (дебиторлық берешек) талдау. Жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың көліктің барлық түрлерімен жанармай тасу тарапынан жабдықтауын бақылау. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелерімен жанармай жеткізу үшін вагондар және цистерналармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру. Энергетика және жылумен жабдықтау саласында әлеуметтікэкономикалық даму бойынша мемлекеттік бағдарламаларды және кешенді жоспарларды іске асыру бойынша аналитикалық ақпаратты дайындау. Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша салалық қорытындылар жасау. Электрмен және жылумен жабдықтау саласындағы объектілердің (инженерлік желілер) құрылысын іске асыруды сүйемелдеу. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау. Жылумен қамтамасыз ету саласында перспективалық дамыту мақсатында міндеттерін іске асыру. Өз құзыреті шегінде жоғары тұрған органдардың және басқарма басшылығының құжаттарын, тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құрылыс, жылу энергетикасы, инженерлік жүйелер мен желілер, электр энергетикасы

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
16 октября 2026