Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.10.2026 - 20.10.2026

Қабылдау 1 этап: 19.10.2026- 20.10.2026

Қабылдау 2 этап: 21.10.2026

Практикалық бағалау: 22.10.2026

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923

             (Лауазымдық    жалақы    нақты    қызметкердің    жұмыс    өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, D-O-4

Функционалдық міндеттері:

Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде ұсталатын адамдардың денсаулық жағдайына, сондай-ақ оларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасына талдау жүргізеді. Арнайы контингентке медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды және енгізеді, ҚАЖ мекемелерінің медициналық бөлімдерінің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізеді. Медициналық бөліктердің дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуін талдауды қамтамасыз етеді, талдамалық материалдарды дайындау үшін деректерді жинауды, өңдеуді және жүйелеуді жүзеге асырады. Электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмысты қамтамасыз етеді. Есептілікті дайындауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және орындаушылық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады. Медициналық көмектің сапасын талдауға жетекшілік етеді, оны жақсарту жөніндегі шараларды әзірлейді, облыстың ҚАЖ медициналық бөлімдері үшін арнайы контингентке медициналық көмек көрсетуді үйлестіреді және оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Ақпараттық материалдарды жинауды, зерделеуді және жүйелеуді, арнайы контингентке медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша талдамалық шолулар дайындайды, ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың денсаулығы мәселелері бойынша комиссиялар мен кеңестер өткізуді ұйымдастырады.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
15 октября 2026