«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.10.2026 - 19.10.2026
Қабылдау 1 этап: 16.10.2026- 19.10.2026
Қабылдау 2 этап: 20.10.2026
Практикалық бағалау: 21.10.2026
Анықтама телефоны: 87162297246
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы-бухгалтеры, D-O-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне бухгалтерлік есепті, бақылауды ұйымдастырады; бюджеттен және өзге де көздерден алынған қаражатты қоса алғанда, басқарманың кірістері мен шығыстарының есебін дұрыс және уақытылы жүргізуді қамтамасыз етеді; басқарманың, жергілікті бюджеттің және уәкілетті органдардың басшылығы үшін қаржылық есептілікті дайындайды; Мемлекеттік органдардың қаржылық қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылайды; басқарманың бюджеті шеңберінде қызметкерлердің жалақысын есептеуді, өтемақы және жәрдемақы төлеуді қамтамасыз етеді; басқарманың мүлкі мен қаржы ресурстарының пайдаланылуына бақылау жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді; басқарманың бюджетін жоспарлауға қатысады және бекітілген жоспардың орындалуын бақылайды; қаржылық бақылау органдары мен аудиторларды тексеру үшін құжаттар дайындайды; басқарма қызметкерлеріне қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша кеңес береді; басқарманың қаржылық есептілігі мен қаржылық контрагенттер, шарттар бойынша есеп айырысулар мен төлемдердің уақытылылығын бақылайды. НҚА сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика, қаржы, есеп және аудит
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.